Мойынты паркін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Инфрақұрылым
29.11.2024, 11:10
Оқуға 2 мин
Фото Светланы Могай

Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінде биыл Мойынты станциясының солтүстік паркінің темір жолдарын қалпына келтіру бойынша жоспардан тыс жұмыстар басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл шаралар өткізу қабілетін арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға және маңызды теміржол торабында көлік тасымалының тиімділігін  ұлғайтуға бағытталған.  

Қалпына келтіру шаралары аясында Мойынты станциясында айтарлықтай құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды. Атап айтқанда, ұзындығы 1025 метр № 21 және ұзындығы 1000 метр № 20 темір  жолдары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, станцияда электр орталықтандыру жүйесіне енгізілген 5 бағыттамалы бұрма төселді.  

Сондай-ақ ұзындығы 2,8 километр учаскеде осы жолдардағы байланыс желісі құрылғыларын нормативтік техникалық жай-күйге келтіру бойынша жұмыстар орындалды. Осы шаралардың барлығы солтүстік парк функционалдығы мен станцияның өткізу қабілетін едәуір арттырды.

Бөлімшеде Қызылжар станциясын дамыту бойынша жұмыстар басталды, онда төрт қабылдау-жөнелту жолынан қосымша парк салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жер төсемін толтыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, шаруашылық әдісті пайдалана отырып, бағыттамалық бұрмалардың 12 жиынтығы төселді және кейіннен балластировкасы бар төрт қабылдау-жөнелту жолы салынды. СОБ (сигналдау, орталықтандыру және бұғаттау) құрылғыларын монтаждау  және электрмен жабдықтау жұмыстары басталды. Барлық жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.  

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және теміржол торабының өткізу қабілетін арттыру үшін станциялық жолдарды күшейтуге ерекше назар аударылады. Биылғы жылы станциялық жолдардың жай-күйін жақсарту бағдарламасы аясында СМД-80 заманауи техникасын, "Жейсмар" машинасын және төсеу кранын қолдана отырып, әртүрлі учаскелерде 31 жолды күшейту бойынша жұмыстар орындалды.  

Ұзындығы 2620 метр болатын Қарағанды - Сұрыптау станциясындағы екі темір жолын қалпына келтіру де маңызды қадам болды. Бұл іс-шаралар жол шаруашылығының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған, бұл өз кезегінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрақтылығына ықпал етеді.

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті