Шағыр станциясындағы өткел жөндеуден өтті

Инфрақұрылым
19.02.2025, 16:17
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс жол дистанциясына қарасты Шағыр ауылының іргесіндегі теміржол өткелі облыстық маңызы бар «Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат-Сұлтан рабат» автомобиль жолымен түйіседі. Облыстық маңызы бар санатқа жататын КХ-11 индексті жолдың жалпы ұзындығы 170 шақырымға созылады. Сондықтан да мұнда күзетпен реттелетін өткел қойылған.  

Жуырда Шағыр станциясы аумағындағы 3250-шақырым, 3-пикетіндегі күзетіліп, реттелетін өткелде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған орында 6 сағаттық толаскез жарияланып, күндізгі уақытқа жоспарланған жөндеу жұмыстары ойдағыдай орындалды.

Негізінен, автокөлік жолының деңгейі облыстық санатқа жатқанымен, бұл жерден тәулігіне 150 мен 200 аралығында әрқилы көлік түрлері өтеді. Оның арасында халықаралық бағытта қатынайтын ауыр салмақты немесе габариттен тыс жүк тасымалдайтын көліктер де жүріп жататыны бар. Себебі мұндағы жол тіреу көпірлерсіз әрі ашық аспан астында деңгейі тегіс төселген. Оған қоса көлік қозғалысының жиілігі де аса қарқынды емес санатта. Ал жүк және жолаушылар тасымалдау қызметіндегі пойыздар да көп жағдайда халықаралық бағытта қатынайды. Демек Өзбекстанға кіріп-шығатын екі түрлі тасымал құралдары үшін (автокөлік және теміржол) аталған өткелдің маңызы өте жоғары деген сөз.

Арыс жол дистанциясына қарасты өткелдің жауапты өкілі Сәбитхан Тойбековтің айтуынша, таңғы сағат 9:00-15:00 аралығындағы жоспарлы жұмыс жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кеңесе отырып іске асырылған. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми ақпарат құралдарында алдын ала хабарландыру кеңінен таратылды. Монтайтас пен Шағыр ауылының тұрғындары мен өзге де жолаушылар үшін уақытша туындайтын қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, сапарға шығуды өзге бағытпен жоспарлау ұсынылды.

Жалпы, бұған дейін өткелдегі екі жұп рельстің жиегі мен аралығына темірбетонды шпалдар төселген болатын. 14-ші айналым жолының шеберлері оның бәрін түбірімен қопарып, астындағы лайға айналған сазды топырағымен қоса алып тастап, қиыршық тастарды қайта төсеген. Күш-қуаты мол арнайы техникамен нығыздалған қиыршық тас үстіне 2 750 миллиметрлік ағаш шпалдар қойылған.

– Осылайша 3 шпалды ұзынынан қатар төсеу арқылы ені 8 метрлік өткелден өту жайлы болды әрі қауіпсіздігі арта түсті. Егер резеңке төсемдер төселсе, өткелдегі қызмет сапасы жоғарылай түсетіні сөзсіз, – дейді Сәбитхан Бескемпірұлы.

Сапарды асықпай жалғастыруды көздеген жүргізушілер жөндеу жұмыстары аяқталғанша сол маңда күткен. Ал діттеген жерге шұғыл жетуді көздегендер Бадам немесе Шымкент арқылы қатынауына тура келген. Ал енді жөндеу жұмыстарына байланысты жылжымалы құрам жылдамдығы баяулағанымен, ешбір пойыз кідіріске ұшырамаған. Яғни әдетте сағатына 80-90 шақырымдық жылдамдықпен өткелден өте шығатын пойыздардың жылдамдығы осы сәтте сағатына 40 шақырымға дейін төмендетіліп, оның ешбірі аялдап немесе тоқтауға мәжбүр болмаған. Өткелге жауапты мамандардың түсіндіруінше, мұнда тәулігіне орташа есеппен 70 жұп жылжымалы құрам ерсілі-қарсылы қатынап жатыр.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды