Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту міндеттелді

Инфрақұрылым
21.02.2025, 09:13
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Абай облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрі жергілікті активке аймақтың жаңа әкімі Берік Уәлиді таныстыру барысында өңір басшылығы алдына ел Президенті жүктеген бірқатар міндеттерді атап өтті.

Соның ішінде инвестициялық ахуалды жақсартуға баса назар аудара отырып, аймақтағы көлік транзитін, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды дамыту керектігін сөз етті. Атап айтсақ, Абай облысы Ресей және Қытаймен шектеседі, халықаралық транзиттік сауда торабы саналады, сондықтан да аймақ қолда бар транзиттік әлеуетті барынша пайдалануы қажет. Осы орайда қазірден бастап Аягөз – Тачэн бағытындағы теміржол желісі және «Бақты» кеден бекетіндегі құрғақ порт құрылысы бойынша маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін бақылауда ұстау тапсырылды.  

Өңірдің маңызды инфрақұрылымдық жобасының бірі Бақты – Аягөз аралығындағы Қазақстан – Қытай үшінші шекаралық теміржол өткелінің құрылысы екені белгілі. Мемлекет басшысының Жолдауы аясында басталған бұл жоба бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын жақсартуға және халықаралық сауда дәлізін кеңейтуге бағытталған. Жобаны іске асыру үшін Абай облысының әкімдігі ауданы 10 506,3 га жер учаскесін арнайы резервке қойды. Оның 5 911,7 га мемлекеттік меншікте болса, 4 594,6 га жеке меншік иелеріне тиесілі. Жер телімдері Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарының әкімшілік шекараларында 5 жыл мерзімге сақталады. Бұл шаралардың сыртында Семей ЖТ бөлімшесі басшылығы арнайы мамандармен бірге құрылыс салынатын телімдерді толық зерттеп шыққан болатын.  

Құрылыстың бастапқы кезеңінде жергілікті тұрғындар арасынан жұмыс күшін тарту жоспарлануда. Ал жобаны пайдалану кезеңінде түрлі кәсіп мамандары үшін 1 800-ге жуық жұмыс орны құрылатын болады. Аталған нысандарды 2027 жылы пайдалануға беру күтілуде.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті