Таразда теміржол үстінен өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды

Инфрақұрылым
17.03.2025, 16:29

Абай даңғылының бойындағы теміржол үстінен өтетін көпір тұрғындардың қауіпсіздігі үшін салынады. Жол өткелінің ұзындығы 0,946 шақырымды құрайды. Бас мердігер «Қазақдорстрой» ЖШС барлық сапа стандарттарын сақтай отырып, озық инженерлік технологияларды қолданатын болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Нысан екі жеделсатымен жабдықталады. Сондай-ақ бағдаршам орнату, аумақты абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жол өтпесі қала орталығын теміржол желісінің арғы бөлігінде орналасқан тұрғын үйлермен байланыстырып, қаланың транзиттік көлік қозғалысын жеңілдетеді.

Ауқымды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру облыс орталығындағы логистиканы жақсартуға, көлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы әрқашан өзекті екенін атап өтті. Президент тапсырмасы бойынша бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырудың арқасында өңірлерді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Тараз аумағы кеңейіп, қалаға Байзақ және Жамбыл аудандарынан 14 елді мекен қосылып, халық саны 480 мың адамды құрады, бұл, әрине, көлік ағынының артуына әсер етеді. Облыс орталығында Әулиеата және Жібек жолы атауымен екі әкімшілік аудан құрылды. Жаңа көпір қос аудан арасындағы қосымша байланысты қамтасыз етіп, аймақта көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді, — деді Ербол Қарашөкеев.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты