Жамбыл бөлімшесінде жол жаңғыртылып, темірбетон шпалдар төселуде

Инфрақұрылым
25.04.2025, 08:48
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде биыл жоспарланған жол жөндеу жұмыстары басталды. Кестеде күрделі, күшейтілген орта және орта жөндеу, бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру, т.б. бар.

Жоспар бойынша биылғы 52,111 шақырым күрделі жөндеу жұмысы кестеге сай жүріп жатыр. Құрылыстың мердігері «Теміржол жөндеу» ЖШС – «ПМС Бірлік» теміржолды күрделі жөндеуге маманданған мекеме болғандықтан жұмыстың сапасына сын жоқ. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары барысында жаңа технологиялар қолданылып, жол инфрақұрылымын жаңғырту жобасы бойынша ағаш шпалдар жаппай темірбетонға ауыстырылу жалғасып жатыр.  

Магистральды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу кезінде Шу машиналандырылған жол дистанциясының паркіндегі 61 бірлік арнайы машина да пайдаланылуда. Сондай-ақ шойын жолдың FOSSLO-SKL бекіткіштері бар рельстік тіректері жаңартылуда. Жалпы 3,4 шақырым теміржолдың тіректерін ауыстыру да жоспарланған. Ағадыр жол дистанциясының жолшылары жұмыстарды арнайы СМД-80 машиналарының көмегімен атқаруда.  

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің жауапты мамандары берген мәліметке сүйенсек, күрделі жөндеу жұмыстары басталғалы екі айдан асқан. Ал былтыр басталған «Бірлік-2» станциясындағы қалпына келтіру жұмыстары тоқтаған жоқ. Қазіргі уақытта 29 мың текше метрге қиыршық тас төселіп, темірбетон негіздегі бағыттамалық бұрмалар ауыстырылуда. Жоспар бойынша 32 жаңа жиынтық салынады. Шу жол дистанциясының бастығы Едігер Клановтың айтуынша, «Бірлік-2» станциясын қалпына келтіру – Мойынты – Шу – Алматы телімінің өткізу қабілетін, пайдалану жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған. Станция іске қосылған соң Шу станциясының жүктемесі айтарлықтай азаяды.  

– «Бірлік-2» станциясы іске қосылса, Алматыдан келе жатқан жүк пойызын Шуға кіргізбей, бірден Мойынтыға, Астанаға бағыттап жіберуге мүмкіндік туады. Бұл тұтас өңірдің жүк өткізу қабілетін арттыруға ықпал етері сөзсіз, – дейді дистанция бастығы.  

 

Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады