Теміржол өткелі құрылысына бақылау қатаң

Инфрақұрылым
18.06.2025, 12:27
Оқуға 2 мин
Фото: Егемен Қазақстан

Шымкент қаласында көлік кептелісін азайту мақсатында жол құрылысы жобалары іске асып жатыр. Бұған дейін Қонаев пен Рысқұлов, Бәйдібек би мен Арғынбеков көшелерінің қиылысында жол айрықтары салынған еді, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.

Осындай ауқымды жоба шаһардың Еңбекші ауданы, Момынов көшесі бойындағы теміржол өткелінде де қолға алынды. Күрделі нысанды салуға құрылысшылар өткен жылдан бастап кіріскен. Жауапты сала өкілде­рінің айтуынша, мердігер компания құрылыс жұмыстарының 30%-ын орындап қойды. Инженерлік желілерді қайта орнату жұмысы толығымен аяқталды. Өткелді биылғы жылдың соңына қарай пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаның нәтижесінде көлік кептелісі азайып, жол қозғалысы жақсара түседі.

«Салынып жатқан нысанның темірбетон конструкцияларының сапасын тексеріп шықтық. Сонымен қатар жолқұрылыс материалдарынан сынамалар алынып, олардың нормативтік талаптарға сәйкестігін анықтадық. Жол құрылысы – маңызды жоба. Күн сайын жүздеген көлік өтетін өткел сапалы болуы шарт. Сапасыз салынған нысан ертеңгі күні мемлекетке қосымша шығын. Одан бірінші кезекте қарапайым көлік жүргізушілері зардап шегеді. Сондықтан жол құрылысы сапасына бақылауды қазірден күшейту керек», - деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы сапа және мәліметтік есеп бөлімінің басшысы Лұтфулла Кенжаев.

Жұмысшы топ көпір құрылысында қолданылып жатқан материалдардың сапасына ерекше назар аударды. Сонымен қатар нысандағы құрылыс қарқыны мен еңбек қауіпсіздігі шаралары қаншалықты сақталып жатқанын да саралады.

Жаңа теміржол өткелі – қаланың шығыс бөлігін орталықпен байланыстыратын, көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол-көлік кептелісін азайтатын маңызды инфрақұрылымдық жоба. Өткелдің құрылыс жұмыстарына қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы да тұрақты бақылау жүргізеді.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті