Теміржол үстінен көпір салынуда

Инфрақұрылым
28.07.2025, 12:07
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Шығыстан батысқа қарай созылып жатқан шойын жол Тараз қаласын екіге бөліп тұр. Соңғы жылдары шаһарда автокөлік қозғалысының артуы Жібек жолы көшесі арқылы өтетін жол өтпесінде кептеліс туғызып келген. Енді теміржол үсті арқылы көпір салынып, бұл мәселе түбегейлі шешімін таппақ.

Көпірдің құрылыс жұмыстары көктемде басталған. «Қаздорстрой» ЖШС бастығының орынбасары Қуаныш Әлмұхамбетовтің айтуынша, жобада ұзындығы 166 метр жол өтпесін салу көзделген. Құрылыс теміржолдың арғы жағындағы қалалық №15 мектептің тұсынан басталып, ең биік нүктесі темір жолдың үстінен өтеді. Келесі нүктесі Абай даңғылындағы полиция бөлімінің жанына жеткенде аяқталады.  

– Жоба өткен жылдың ақпан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Биыл біз жобаны тендерден жеңіп алып, жұмысқа кірістік. Құрылыс жұмыстарының мерзімі – 21 ай. Жалпы құны – 16,5 миллиард теңге. Тапсырыс берушімен жасасқан шарт бойынша объектідегі жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтауымыз керек. Құрылыс учаскесінің жалпы ұзындығы 946 метрді құрайды. Көпір салу үшін құрылыс аймағындағы 68 нысан: оның ішінде 43 тұрғын үй, 25 кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараты бұзылады. Бас мердігер «Қазақдорстрой» ЖШС сапа стандарттарын сақтай отырып, құрылыста озық инженерлік технологияларды қолданады. Сондай-ақ бағдаршам орнату, абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі, – дейді Қуаныш Әлмұхамбетов.

Көпір Абай көшесінің бойынан салынатын болғандықтан, тұрғындар «теміржол бойындағы арка бұзылып кете ме?» деп алаңдап келген. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардың бір символына айналған сәулет өнерін қалпында сақтап, сол жақ бетке қарай, 70 метр әрі орналасатынын айтты. Көпір құрылысы жұмыстары пойыздар қозғалысына кедергі келтіріп жатқан жоқ. Кестеге сай жүріп жатыр.    

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты