Арыс көпірі қайта түледі

Инфрақұрылым
09.09.2025, 08:36
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Егер спутниктік картадан Арыс қаласының үстінен қарасаңыз, қаланың төрттен бір бөлігін теміржол учаскесі бөліп тұрғанын көруге болады. Мұнда негізгі бөлік – қала орталығы, ал екінші бөлігі Сырдария деп аталады. Жалпы, қала халқының саны шамамен 45 мыңға жуықтайды десек, оның 15 мыңға жуығы «арғы бет» деп аталып кеткен осы Сырдарияда тұрады.

1904 жылы іргетасы қаланған вокзал ғимаратының маңынан Кеңес заманында екі араны жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірі бой көтерген. Арыс станциясының кәсіподақ ұйымының төрағасы Телғозы Шорахан бұл нысан 1980 жылдары елдің игілігіне берілгенін айтады.  

Бүгінде Шымкент магистральдық желі дирекциясының меншігіне жататын көпір өңір теміржолшыларының жіті бақылауында. Яғни сала мамандарының бір бөлігі ағымдық жөндеуден өткізіп, күтім жасауға жауапты болса, енді бір бөлігі темір жолдың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып, ескерту тақтайшалар іліп, үнпарақтар таратып жатады.  

Жуырда арыстық теміржолшылар жергілікті атқарушы билік өкілдерімен мәміле жасай отырып, тағы бір игілікті істің ұйытқысы болды. Арыс жол дистанциясының жауапты мамандары соңғы бес жылдықта талапқа сай болмай тұрған нысанды ағымдық жөндеуден өткізіп, жаяу жүргіншілер көпірін бояп-сырлап шықты. Ал бас-аяғы 350 метрге жуықтайтын аспалы көпірдің Сырдария жақ бетіндегі Д.Нұрпейісова мен Ғ.Мүсірепов көшелеріне дейінгі аяқ жолды жергілікті әкімдік жөндеп шығыпты. Өйткені жолдың жоқтығынан жүргіншілер қыста – мұз бен батпақтан, жазда шаң-тозаң мен топырақтан әбігерге түсетін. Осы мәселенің шешілуін сұраған жергілікті тұрғындар қала әкіміне арнайы өтініш жолдаған соң жағдайдың өзектілігін ескерген қала әкімі Қ.Маңқараев аймақ теміржолшыларымен бірлесе еңбек етіп, жергілікті тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасауға ұйытқы болған.  

– Енді міне қолда бар күшіміз бен материалдарымызды үнемдеп пайдалану арқылы нысанды қайта жөндеуден өткіздік. Ашық аспан астында күн мен жауыннан мүжіліп, бүлінген баспалдақтарды бүтіндедік, – дейді Арыс жол дистанциясының бас инженері Думан Әсілханұлы.  

Ал Арыс электрмен жабдықтау дистанциясының мамандары түн мезгілінде аяқ жолды жарықтандыру мақсатында электр желілерін жаңартып, бағаналарын бекітіп берген. Қала әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері болса қысқа мерзім ішінде көпір маңындағы жолдарды тақтайдай қып асфальттап, жиегіне бордюр қойып, жаяу жүргіншілердің жағдайын жасапты. Күніне 200-ден астам адам өтетін нысанның қайта игілікке жарағанына жергілікті тұрғындар қуанып, істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын жаудыруда.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты