Жол техникалары сапқа қойылды

Инфрақұрылым
24.10.2025, 09:57
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша алдағы қысқы маусымға даярлық шаралары аясында жол машиналары да күрделі жөндеуден өтіп, әзірліктің соңғы сатысына келтірілді. Сонымен қатар жол бойындағы жұмыстар үшін қосымша техникалар сатып алынуда.

Мәселен, осыдан біраз бұрын Аягөз станциясындағы қалпына келтіру пойызына Киров машина жөндеу зауытынан шыққан, жүк көтергіштігі 150 тонна болатын жаңа КЖ-1572Б гидравликалық рельсті кран сатып алынды. Бұл техника тиеу-түсіру жұмыстарын жеңіл атқарып, 1520 мм калибрлі теміржолда апаттық жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Сонымен қатар жөндеу, құрылыс және монтаж жұмыстарына пайдаланылады.  

Басты ерекшелігі, бұл кран -40°C-тан төмен температурада да жұмыс істей алады. Сол себепті Аягөз өңірінің қатаң табиғатында мейлінше тиімді. Бұл шаралардың сыртында жаңа кран жұмыстың өнімділігін арттырып қана қоймай, жұмысты аяқтауға кететін уақытты да айтарлықтай қысқартады.  

Сол тәрізді қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстарын тиімді жүргізетін арнайы машина алынды. Заманауи жаңа техника небары 8 сағаттың ішінде 100-ден аса шпалды ауыстыра алады. Бұл жолшылар жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Дәл қазір Нарбота станциясының аумағында жұмыс жүргізіп жатқан жол машинасына жолшылар дән риза. 

 

Жалпы, техникалық әлеуетті жаңарту аясында соңғы уақыттардың өзінде теміржолшылар игілігі үшін жаңадан 13 көлік алыныпты. Соның ішінде аса күрделі жағдайда жұмыс істеу үшін бір «ЧЕТРА Т-35» бульдозері де жеткізілген. Сонымен қатар жолшыларға бұрыннан жақсы таныс РМ, Дуомат, Унимат, РШП және ПРСМ машиналарымен жол сауықтыру жұмыстары тиімді жүргізілуде.  

Десек те, алдағы қатал маусымға орай жолды қар мен мұздан тазартатын техникалардың даярлығына баса мән берілуде. Бұл орайда желтоқсан айында басталатын қар сенбіліктері мен желі бойын ақ ұлпадан тазарту жұмыстарына СМ-2, СМ-7Н, СМ-5, ПСС-1 сынды қар тазалау техникасы мен қар жинағыш пойыздар даярлықтың соңғы сатысына келтірілді. Биылғы қысқы маусымға мұндай техниканың 13 бірлігі толық даярлықпен кіргізілмек. Мұнымен қатар бөлімше көлемінде ФРЭС-2, ЭСО-3 типті қар жинайтын техникалар арнайы бекітілген тепловоздардың көмегімен жұмыс істейді. Бұл техникалардың көмегі әсіресе Өскемен мен Аягөз өңірі және «солтүстік тармақ» аталатын ең күрделі Семей мен Локоть телімінің аралығы үшін тиімді болмақ.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды