Биылғы жоспар «Аягөз-2» станциясын салу

Инфрақұрылым
30.10.2025, 12:20
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Мемлекет басшысының Қазақстанның көлік-логистика саласын жаңғырту бойынша берілген тапсырмасынан соң еліміздің көлік саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі – Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты «Бақты-Аягөз» теміржол телімінің құрылысы қарқын алды.  

Айта кетерлігі, осыған дейін әзірленген жобаға шамалы өзгерістер енгізілген болатын. Мәселен, бастапқы жоспар бойынша жаңа желі бойына 11 станция салу көзделсе, соңғы бекітілген жоба бойынша 12 станция бой көтермек. Сонымен қатар, бұрынғы сызбанұсқадағы желі ұзындығы 272 шақырым болса, жаңа жоба бойынша телім 297 шақырым болмақ.  

Осы тәрізді бірқатар ерекшеліктерді ескерген мердігер мекеме қазір тың күшпен жұмыс жүргізуде. Бүгінде шойын жолдың табаны тегістеліп, пойыз өтетін аумақ бойынша тау қопару сынды жұмыстар жүріп жатыр. Техникалық талаптарға сай мұндай жұмыстар өңірде қар түсіп, жер қатып, аяз күшейген шақ - қарашаның соңы мен желтоқсан айының басына дейін жүргізілмек. Одан соң дәл осындай жұмыс Бақты жақтан бастап Аягөз бағытына қарай атқарылатын болады. Оған Мақаншы өңірінің жайлы қысы, қоңыржай климаты молынан мүмкіндік береді.  

Жаңа теміржол желісінің құрылысы өткен тамыз айында басталған еді. Негізгі жұмыстар бүгінде Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты Аягөз ауданы аумағында жүріп жатыр. Құрылыстың негізгі бөлігіне қазақстандық компаниялар жауапты. Қазірдің өзінде 200-ге жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылған.

– Әзірге ауа райы қолайлы болып тұр. Аягөз аймағында аяз түскенге дейін барлық мүмкіндікті пайдаланып кідіріссіз жұмыс жүргіземіз. Алдағы уақытта осыдан 10 есе көп техника кіретін болады. 297 шақырым болатын Бақтыға дейін ауқымды жұмыс бар, – дейді телім бойының техникалық қадағалау маманы Серікқазы Рақжанов.

Жалпы, телім үшін жер қыртысын әзірлеу қысқы мезгілде де тоқтамайды. Оған себеп, көктем шығып, күн жылынып, техникалық талаптарға сай жердің тоңы жібіген соң бірден рельстер төселмек. Сонымен қатар, жоспар бойынша жаңа теміржол телімі 2027 жылы толық аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс.

– Қыс бойы теміржол шпалдарының 30 процентін тоқып үлгереміз. Көктем шыға салысымен теміржолды төсей бастаймыз. Биылғы 2025 жылға жоспарымыз «Аягөз-2» жаңа станциясына дейін жету. Ол жерде жаңадан толыққанды станция салып, дамытатын боламыз, – дейді мердігер компания жетекшісі Қайрат Ақпаров.

Айта кетері, теміржол төсеу кезінде отандық рельстер мен шпалдар қолданылады. Телім пайдалануға берілген соң 1200-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Жоба бойынша 297 шақырымдық жаңа желі бойында барлығы 12 станция, 47 көпір мен ондаған жол өткелдері салынады. Бұл бағыт іске қосылған соң, жыл сайынғы жүк айналымы 20 миллион тоннаға артатын болады.

Маңызды магистраль бірінші кезекте жаңадан құрылған Абай облысының экономикасына айтарлықтай серпін береді. Жаңа жұмыс орындарын құрудан бөлек, болашақта экспорттық және транзиттік тасымал көлемі де едәуір ұлғаяды. Қытаймен арадағы жүк тасымалын жеңілдетіп, аймақтағы Бақты, Достық сынды шекаралық бекеттердегі жүк кептелісі азайады.

Жалпы, «Бақты-Аягөз» бағыты арқылы болашақта логистика саласында тың мүмкіндіктер ашылады дейді мамандар. Бұл – Қазақстан экономикасын нығайтып, экспортты жандандыратын стратегиялық үлкен қадам екендігі анық.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті