Назарда тұрған нысандар

Инфрақұрылым
13.03.2026, 09:25
Сурет: Үкімет сайтынан
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде заманауи технологияларға, азаматтар үшін қауіпсіздік пен ыңғайлылыққа баса назар аударылып, теміржол вокзалдарын жүйелі жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Вокзал кешендерінің өткізу қабілетін кеңейту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырумен байланысты жүздеген вокзалды жаңарту, қайта жаңғырту жобасы жүріп жатыр.

Өткен аптада Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласының теміржол вокзалында жүріп жатқан жұмыстарымен танысты. Аталған ғимарат 1981 жылы салынып, соңғы күрделі жөндеу 20 жыл бұрын жүргізілген екен. Қазіргі таңда мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 93%-ға орындалып, ішкі әрлеу, жабдықты орнату және монтаждау жұмыстары жүргізілуде.  

Вокзалды жаңғырту барысында заманауи материалдарды пайдалану, инженерлік желілерді ауыстыру және техникалық жабдықты жаңарту ғана емес, сонымен қатар ғимараттың тарихи келбетін сақтау да негізгі міндеттердің біріне айналып отыр. Инклюзивті ортаны құру үшін арнайы жабдықты орнатуға да ерекше көңіл бөлінген.  

Еске сала кетсек, наурыз айының басында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте вокзалдарды қайта жаңарту жұмысына қатысты түсінік берген болатын. Министрдің мәлімдеуінше, бағдарламаға енген 124 вокзалдың көпшілігі – тарихи нысандар. Ақтөбеден Шымкентке дейін, сондай-ақ Алматы вокзалдарының тарихи құндылығы бар. Сондықтан вокзалдарды қайта құрылымдау кезінде олардың келбетін сақтау маңызды. Заңнамалық процедуралар мен келісімдер процесті кешіктіреді, сонымен қатар тиісті рұқсаттары бар компанияны таңдау да кідірістерге әкеледі. Дегенмен барлық вокзалдарды биылғы жылдың соңына дейін толық бітіріп, пайдалануға тапсыру көзделген.  

Ақмола облысында барлығы 16 вокзал жаңғыртудан өткізілмек. Соның ішінде 7 вокзал қайта құрылымдаудан өтетін болса, қазірдің өзінде олардың дайындығы 90% жетіп отыр. Ал 9 вокзалды толық бұзып, олардың орнына жаңа ғимараттар салу қарастырылған. Бүгінде Көкшетаумен қатар Атбасар, Макинка, Бурабай, Ақкөл, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жалтыр, Державинск, Шортанды және тағы басқа вокзалдарда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.  

Жалпы Қазақстан бойынша вокзал кешендері мен теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмыстардың жоғары деңгейі Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелген. Бұдан басқа, жаңғырту жұмыстары Астана-1 және Алматы-1 вокзалдары сияқты ірі тораптарда да жүргізілуде.  

Қайта құрылымдау бағдарламасы инфрақұрылымды кешенді жаңартуды көздейді. Вокзалдар аумағы кеңейтіліп, инженерлік жүйелер жаңғыртылып, қасбеттер мен ішкі кеңістіктер толығымен жаңартылады. Күту залдарына, жолаушылар платформаларына, санитарлық-техникалық жағдайларға және қауіпсіздік деңгейіне ерекше назар аударылады. Мүмкіндігі шектеулі топтар үшін кедергісіз орта бойынша талаптар ескеріліп, теміржол көлігін азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімді ете түспек.  

Бүгінгі күні 36 вокзалда, атап айтқанда Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл станцияларындағы вокзалдарда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған.  

Ал осы жылдың бірінші тоқсанында Семиглавый Мар, Мырза, Сарышаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сұрыптау, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау станцияларындағы вокзалдарда жұмыстар аяқталды. Қалған вокзалдардағы жаңғырту жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.  

Жұмыстарды облыстық әкімдіктер таңдаған мердігерлік ұйымдар орындап, бағдарлама «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде жобаға қосымша бюджет көздерін тартпай және қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік береді.  

Жалпы, бағдарлама Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын сапа мен қауіпсіздіктің заманауи және халықаралық стандарттарына келтіруге бағытталған. Вокзалдарды жаңғырту елдің көлік жүйесін дамытудағы және оның жолаушылар үшін тартымдылығын арттырудағы маңызды қадам ретінде қарастырылып отыр.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды