Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

Инфрақұрылым
14.04.2026, 09:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша жазғы жол күтіміне даярлық шаралары басталды. Биылғы жылғы жоспар жылдағыдан ауқымды болып отыр.

Аймақтағы транзиттік мүмкіндікті арттыру және пойыздардың жылдамдығын жоғарылату үшін осыған дейін жол инфрақұрылымын жаңғырту, соның ішінде ағаш жолдарды темірбетонмен ауыстыру жоспарланған. Өткен жылы бөлімше көлемінде бұл бағытта бірталай жұмыстар жүргізіліп, нәтижесін берді. Мәселен, «солтүстік тармақтағы» Белағаш – Дүйсекен, күнгейдегі Аягөз – 22 жол айрық және 22-ші жол айрық – Көшкентал телімдерінің 38,51 шақырымында жаңа материалдарды пайдалану арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Одан бөлек 5,6 км жол бойы күшейтілген орташа жөндеу, 22 км телімде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның сыртында бірқатар тораптық станциялардағы маневрлік жұмыстарды жақсарту мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Бұл шаралар биыл да осы қарқынмен жалғаспақ. Мәселен, Ақсу-1 – Дегелең – Жаңа-Семей учаскесінде автоматты блок жүйесін салу бағдарламасын іске асыру аясында екі айырма пункт салынуда. Ал Жаңа-Семей жүк станциясын дамыту жоспары аясында қосымша қабылдау және жөнелту паркі салынып жатыр. Жуырда бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов телімдер бойындағы атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, қадағалап шықты. Биылғы көктемгі комиссиялық бақылау барысында да осы аталған жұмыстар барысы бірінші кезекте назарға алынатын болады.  

Жалпы, бөлімше бойынша жол шаруашылығына қатысты нысандарды жаңғырту шаралары жыл сайын кең өріс алып келеді. Мәселен, теміржолшылардың жұмыс орындарын жақсарту үшін Семей магистральдық желі бөлімшесінің Семей учаскесіндегі 24 нысанда жылыту станциялары мен модульдік демалыс орындары стандартқа сай қайта жаңартылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар Дегелең – Шаған – Жаңа-Семей телімдері бойынша басталып та кетті.  

НЖС-6 бөлімшесінің жол бөлімі мамандарының сөзіне сүйенсек, Семей магистральдық желі бөлімшесі 2027 жылдың соңына дейін жолдардың тозуын азайту, орта мерзімді жөндеу жұмыстарын күшейту, малға қоршаулар салу және теміржол өткелдерін жаңғырту бойынша кешенді шараларды жүзеге асырады. Мұның бәрі сайып келгенде шығыстағы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін жаңа деңгейге шығаруға, апаттардың алдын алуға және теміржолшылар мен тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Сонымен қатар бұл жұмыстардың барлығы аймақтағы 13 теміржол вокзалын қайта жаңғырту, Бақты – Аягөз телімін салу, қосымша кірме жолдарды салу сынды жоспарлы шаралармен қатар жүргізілмек.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты