Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды

Инфрақұрылым
07.09.2026, 08:29
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстанның көлік-логистика саласында соңғы жылдары ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында автомобиль және теміржол магистральдарын жаңғыртуды жеделдетіп, авиациялық хабтарды, теңіз инфрақұрылымын, контейнерлік тасымалдар мен цифрлық логистикалық сервистерді дамыту міндетін қойған болатын, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінде көлік саласы ел экономикасының маңызды драйверлерінің біріне айналды. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 6,1%-ды құрайды. Соңғы бес жылда саланың жалпы өнімі үш есеге жуық өсіп, 14 трлн теңгеден асты. Бұл көрсеткіштер тасымал көлемінің артуымен қатар, Қазақстанның халықаралық транзиттік бағыттардағы маңызы күшейіп келе жатқанын аңғартады.

Әсіресе теміржол инфрақұрылымында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Соңғы бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынып және жаңғыртылды. Транзиттік тасымал көлемі 33 млн тоннаға жетті. Алдағы үш жылда тағы 2,2 мың шақырым теміржол салу және жаңғырту жоспарланған.

«Достық – Мойынты» және Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісі жобаларынан кейін Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар және Аягөз – Бақты бағыттарындағы жұмыстар жалғасуда. Жылжымалы құрам да кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Биыл Alstom және Wabtec кәсіпорындарында мерейтойлық 200-ші және 700-ші локомотивтер шығарылды. 2026 жылы 191 жаңа жолаушылар вагонын жеткізу көзделген. Сонымен бірге Президент тапсырмасымен 124 теміржол вокзалы реконструкцияланып жатыр, оның 100-інде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

Қазақстанның теңіз логистикасындағы мүмкіндігі де кеңеюде. Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 5,6 есеге өсіп, 800 мың тоннадан 4,5 млн тоннаға жетті. Қазір Ақтау мен Құрық порттарын жаңғырту, жаңа терминалдар салу және теңіз флотын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстан порттарының қазіргі қуаты 21,8 млн тонна болса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 30 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.

Саладағы тағы бір маңызды бағыт – цифрландыру. E-Joldar және Smart Cargo платформалары арқылы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары, жүк қозғалысы және логистикалық процестерді басқарудың жаңа жүйесі қалыптасуда. Жасанды интеллект технологияларын енгізу мен «жасыл дәліз» қағидатын дамыту да тасымал уақытын қысқартуға мүмкіндік бермек.

Осы жобалардың барлығы Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын транзиттік мемлекет ретіндегі мүмкіндігін кеңейтіп, елдің Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық тораптарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды