Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді

Қауіпсіздік
26.09.2026, 09:18
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде күзгі комиссиялық тексеру аяқталды. Теміржол нысандарының қысқы кезеңге дайындығын пысықтаған күзгі комиссиялық байқау қорытындысын талқылаған жиын өтті.

Қыркүйек айының алғашқы аптасында басталған байқауды жүргізген комиссия мүшелері баяндама жасап, тексеру барысында станция-разъездер, жол жағдайы, локомотив пен вагон деполары, тағысын тағы, бөлімше аумағындағы барлығы 115 нысанның қаралғаны айтылды.  

Жауапты мамандардың мәліметінше, екі аптадан аса уақыт ішінде теміржол нысандарының қысқы кезеңге дайындығын пысықтаған дәстүрлі байқау бүкіл шаруашылықты сүзгіден өткізді. Инфрақұрылымның қысқы кезеңге дайындығын, қозғалыс қауіпсіздігі мен техникалық құралдардың жай-күйі тексерілді. Ақтөбе және Орал өңірлеріндегі теміржол нысандары, Қандыағаш пен Жем станцияларында орналасқан кәсіпорындар, техникалық пункттер жағдайы назарға алынды. Жол шаруашылығының жай-күйі, автоматика және байланыс құрылғылары, электрмен жабдықтау жүйелерінің жай-күйі бағаланды. Жылжымалы құрамдар тексеруден өтіп, өндірістік және техникалық нысандардың қыс кезінде жұмыс істеу мүмкіндігіне назар аударылды. Қызметтік өткелдер мен перрондардың жағдайы да назардан тыс қалмады.  

Жұмысшы-қызметкерлердің арнайы киіммен қамтылуы мен шаруашылықтардың қажетті құрал-жабдықпен жабдықталуына ерекше назар аударылып, анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт белгіленді. Комиссия еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы мен қызметкерлердің кәсіби даярлығына баға берді. Техникалық оқу сабақтарының ұйымдастырылуы мен штат санының жұмыс көлеміне сәйкестігі тексерілді.  

Қызметтік маршруттар жеке бақылауға алынды. Темір жолдан өту орындарындағы төсемдер, «Қызметтік өткел» белгілерінің болуы тексерілді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер тіркелді. Оларды белгіленген мерзімде жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.  

– Қысқы кезеңге дайындық – бірнеше бағытты қамтитын кешенді жұмыс. Инфрақұрылымның, техниканың және қызметкерлердің дайындығы қатар тексеріледі. Қатал қыста пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және теміржол нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету оңай емес. Сондықтан «қыс шанасын жаз сайлау» – теміржолшылар үшін басты қағида, – дейді филиалдың бас инженері Жасұлан Рскалиев.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды