Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Инфрақұрылым
18.09.2026, 15:53
Оқуға 1 мин

Қызылорда облысында Жосалы, Төретам және Арал теңізі станцияларының вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Барлық үш нысанда қасбеттер, шатырлар, ішкі үй-жайлар, инженерлік жүйелер, перрондар және іргелес аумақтар жаңартылды. Энергия үнемдейтін терезелер мен алюминий витраждар орнатылып, вокзалдарға қажетті жабдықтар мен жиһаздар орнатылды. Әрлеу кезінде отандық өндірістің сұранысқа сай материалдары пайдаланылды.

Жосалы станциясының екі қабатты вокзалы 1905 жылы салынған. Ғимарат ауданы 628,8 шаршы метрді құрайды. Станция арқылы Жосалыны Қазақстанның ірі қалаларымен, сондай-ақ Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен байланыстыратын 22 жолаушылар пойызы өтеді.

Төретам станциясында ауданы 628,8 ш. м. екі қабатты вокзал ғимараты қайта жаңартылды. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 340 адамнан асады. Станция арқылы 22 жолаушылар пойызы өтеді.

1904 жылы салынған Арал теңізі станциясының вокзалы қайта жаңартудан кейін 439,8 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 640 адамнан асады. Станция арқылы Аралды Қазақстан қалаларымен және көрші елдермен байланыстыратын 24 жолаушылар пойызы өтеді.

Жобалар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.

Қызылорда облысында Тереңөзек және Жалағаш станцияларының вокзалдарын жаңарту жалғасуда.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды