ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Бейнеу станциясындағы «Б» паркінде жеті қабылдау-жөнелту жолын, 32 бағыттамалық бұрма мен 22 бағдаршамды микропроцессорлық орталықтандыруға қосу аяқталды. Бағыттамалар мен сигналдарды басқару автоматтандырылған жүйеге ауыстырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Шалқар – Бейнеу учаскесінде 154 шақырымдық учаскеде автоблоктау құрылысының кезекті кезеңі аяқталды. Жүйеге алты бөлек пункт қосылып, 36 бағдаршам жаңартылды және 118 тірек құрылғысы орнатылды.
Ұзындығы 653 км Қандыағаш – Тобыл учаскесінде теміржол желісі автоблокировкаға ауыстырылады. Никельтау және Қандыағаш станцияларында екі айналма жол салынып, 14 жаңа разъездер іске қосылды және үшеуі қайта жаңартылды.
Сондай-ақ, 43 км рельстішпалдық тор төселіп, 116 бағыттамалық бұрма орнатылды, автоблоктауға 32 релелік және 14 микропроцессорлық разъездер қосылды. 620 км астам кабель желілері салынып, 1 690 құрылғы ауыстырылды және 90 мыңнан астам дәнекерлеу орындалды.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін Қандыағаш – Тобыл учаскесінің өткізу қабілеті 2,5 есеге – тәулігіне 8-ден 20 жұп пойызға дейін ұлғайтылды.