Жол сауықтыруда – жаңа техникалар

Инфрақұрылым
07.06.2019, 15:38
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша жазғы жол сауықтыру жұмыстарына биыл ерекше көңіл бөлінген. Бірінші кезекте жол телімдері бойының балдық өлшемін, сондай-ақ, күрделі және орташа жөндеу жүргізілуі тиіс аумақтардағы ақаулықтарды анықтау қолға алынды.

Бүгінде Семей теміржолы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан жеткен мобильді диагностикалық орталық кешенді түрде жұмыс жүргізуде. Бірінші кезекте рельс пен шпал тексеруден өткізілуде. Жол машинасының атқарар функциясы көп. Компьютерлендірілген заманауи техника түзетіп-тегістеу, шаблон жасау және бейнебақылаумен де жабдықталыпты. Дистанциядағы жол диспетчерлерімен байланыс жүйесі де жолға қойылған.

Қазіргі күні Дегелең – Жаңа-Семей, Семей – Локоть телімдері аталмыш жаңғыртылған техниканың көмегімен толықтай сүзгіден өткен. Ақаулықтары бар аумақтардың координациясы анықталып, ПЧ-39 мекемесінің басшылығына берілген. Регламент нақтыланған. Бүгінге дейін кешенді орталықтың көмегімен аталмыш телімдер бойымен екі мәрте тексеру жұмыстары жасалыныпты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы айларда да жалғаса бермек.

Семей ЖТ бөлімшесіне жасаған жұмыс сапары аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев аталмыш техниканың жарақтандырылуын тексеріп өтіп, мамандарға жұмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма лар берді. Сонымен қатар, бөлімше басшылығына телім бойын тексеруде тың міндеттер мен жол машинасының жабдықталуын толықтай қамтамасыз етуді тапсырды.

Бас инженер, сонымен қатар, жазғы жол сауықтыру ісінде диагностикалау жұмыстарының маңыздылығы зор екенін, сол себептен оған салғырт қарауға болмайтынын, жүктелер жауапкершіліктің зор екенін де айтып өтті.

Айтқандай-ақ, семейлік теміржолшылардың «бес қаруы» толықтай сай. Соның аясында ауқымды жоспар да құрылған. Мәселен, биыл Локоть – Семей телімі бойында 6 шақырым жол орташа, ал Дегелең  - Жаңа-Семей аумағы бойынша 27,700 жол күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болмақ. Соның ішінде Талды – Жалпақ қумажолдары толықтай жаңа темірбетонды шпалдарға ауыстырылмақ. Қазіргі күні 800 метрлік 6 жұп рельстер алынған. Түйіспесіз жолдарды төсеуде қажетті жол машиналарына зәрулік жоқ. Күрделі жөндеуді жергілікті мердігер мекеме – Шар жол машиналары станциясы белгіленген кестеге сай жүргізбек. Ауқымды жұмыстың алғышарттары дайын.

– Жалпы, Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша ағымдағы жылы шаруашылық тәсілмен жүргізілетін күрделі жөндеуден өтетін телім аумағы жоспар бойынша 34,2 шақырымды, күшейтілген орташа жөндеу – 18 шақырым, жалпы орташа жөндеу 52,7 шақырымды құрайды, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы, жол шаруашылығының тәжірибелі маманы Айдын Шәукежанов.

Бұл мақсатта жалпы бөлімше бойынша РМ машинасымен 30 шақырым, ДУАМАТ – 150 км, Унимат – 90, ПРБ – 80 шақырым, РШП – 70 шақырым, ПРСМ машинасымен 70 түйіспе жол сауықтырылудан өткізілмек.

Бүгінгі таңда шаруашылық тәсілмен Ауыл және Локоть қумажолдарындағы орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жұмыс күші жеткілікті. Қажетті материалдар қоры жеткізілуде. Сондай-ақ, қазіргі ауа райының қолайлылығы жолшыларды қауырт қимылдап, өндіре жұмыс жүргізуіне мол мүмкіндік беріп тұр.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?