Көпір салуды жоспарлап отыр

Инфрақұрылым
22.10.2019, 12:04
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі аумағында 9 айдың ішінде 13 адамды пойыз басып кету оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 8 жағдай станция аралықтарындағы магистральдық жолдарда, ал 2 жағдай станция аумағында орын алған.

Бөлімшеде бөгде адамдар мен ірі қара малдың теміржол аумағына шығып кетуінің алдын алу мақсатында жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр. Атап айтқанда, ӘТЖК, ЖІІБ қызметкерлерімен бірігіп жыл басынан бері 257 рейд ұйымдастырылып, халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 116 тәртіп бұзушылық анықталып, 3788 теңге айыппұл салынған.

Бұдан бөлек, теміржол аумағына жақын орналасқан жергілікті халықпен 9274 жиын өткізіліп, 5005 адам қамтылған. Жалпы білім беретін мектептерде 146 түсіндіру жұмысы өткізіліп, шараға 12184 оқушы қатысыпты. Оқушыларға теміржолдан қалай өту тәртібі көрсетілген жадынама және бейнероликтер таратылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында теміржол аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері бойынша телеарнада – 6, газетте 22 материал жарық көріпті. Сонымен қатар, бөлімше мамандары теміржолды халық көп кесіп өтетін жерлерде жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер салу туралы мәселе қозғап, қалалық әкімшілікке ұсынысхат жіберді. Аталған көпірдің құрылысы 20192020 жылдарға арналған жоспарлы-сметалық құжаттарына енгізілгені туралы жауапхат та келген. Көпірді 3293 км 5 пикетте және 3297 км 10 пикетте салу жоспарланып отырған көрінеді.

«ҚТЖ-ЖТ» АҚ «Шымкент ЖТ бөлімшесі» филиалының бас инженері Әбілқасым Айдаровтың айтуынша, адам басу жағдайларының барлығы дерлік азаматтардың өз өмірі мен қауіпсіздігін сақтамауының салдарынан болып отыр. «Өйткені, адамдар теміржол қауіпті аймақ екенін біле тұра өтуге тыйым салынған жерлерден «өте салғанды» ыңғайлы көреді. Арнайы көрсетілген жерге дейін барып өтуге ерінеді не асығыстық танытады. Сондай-ақ жол шетіндегі қоршауларды да ұрлау тыйылмай тұр. Ол аздай, өңірде мал иелерінің жауапкершілігі өте төмен, қараусыз жайылып жүрген малдың салдарынан да қозғалыс қауіпсіздігіне үлкен зиян келуде», – дейді бас инженер.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты