Семейдегі жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде пойыз сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүретін болды

Инфрақұрылым
23.07.2021, 11:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылы Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша жазғы жол сауықтыру жұмыстарына айрықша ден қойылуда. Осыған дейін телімдер бойының баллдық өлшемін анықтау, күрделі және орташа жөндеу жүргізілуі тиіс аумақтардағы ақаулықтарды нақтылау шаралары жүзеге асырылса, бүгінде кейбір телімдер бойынша жазғы жол жөндеу жұмыстары аяқталып, енді бірінде жаңадан қолға алынбақ. Атап айтсақ, өткен айда Аягөз бен Жарма станциялары ара- лығында қызу жұмыс жүргізіліп, жоспарлы жұмыстар толық аяқталған болатын. Бұл орайда Аягөз – Жарма аралығындағы Қарақойтас – 16 жол айрығы және Үшбиік станциясы аралығындағы жалпы көлемі 26,8 шақырымдық желі бойы толықтай темір-бетонды шпалдарға ауыстырылды. Жұмыс барысы кідіріссіз жүргізілді. Сол тәрізді қазіргі таңда жазғы жол сауықтыру шараларын ПЧ-39 мекемесі де қолға алуда. Осыған дейін Дегелең-Жаңа-Семей, Семей-Локоть телімдері толықтай сүзгіден өткізіліп, ақаулықтары бар аумақтардың координациясы анықталып, регламент нақтыланған болатын. Соның нәтижесінде Шаған мен Көл арасындағы 5,31 және Жалпақ пен «Пост А» жол айрықтары арасындағы 9,45 шақырымды құрайтын қумажолдарды күрделі жөндеуден өткізу көзделуде. Бұл орайда аталмыш қумажолдар толықтай жаңадан темірбетонды шпалдарға ауыстырылмақ. Осынау ретте 27158 данадан аса шпалдар мен 53136 текше метр қиыршық тас алу жоспарланған болатын. Керекті материалдардың жеткізілуі қазіргі күннен басталып кетті. – Енді бірер күнде, нақтырақ айтсақ, алдағы тамыз айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары бастау алмақ. Кестеге сай толаскездер өткізіліп, жұмыс барысы жоспарға сай жүргізіледі. Түйіспесіз жолдарды төсеуде қажетті жол машиналарына зәрулік болмайды деп ойлаймыз. Жұмыс күші де жеткілікті, – дейді бұл орайда Семей жол дистанциясының бас инженері Мырзабек Керейбаев. Жалпы, Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша ағымдағы жылы күрделі жөндеуден өтетін телімдер аумағы жоспар бойынша 40,84 шақырымды құрап отыр. Ал, күшейтілген орташа жөндеу 15,085 шақырым, жалпы орташа жөндеу 20,8 шақырымды құрайды. Бұл орайда НЖС-6 бөлімшесі бойынша жол бөлімінің бастығы, білікті маман Қайыргелді Қапанұлының айтуынша, барлық жұмыстар күзгі салқын түскенге дейін толық аяқталмақ. Күрделі жөндеу шаралары ПЧ-42 мен ПЧ- 39-да жүргізілсе, орташа жөндеу жұмыстары негізінен Өскемен өңірінде жүзеге асырылмақ. Яғни, ПЧ-37 мекемесі бойынша 11,0 шақырым аумақ жаңартылса, ПЧ-38 бойынша 9,8 шақырым- дық телім бойы шаруашылық тәсілмен жөнделеді. Жалпы, семейлік теміржолшылар жазғы жол сауықтыру шараларын жыл сайын өз деңгейінде жүргізу үшін арнайы жоспар құрып, соның аясында тыңғылықты түрде іске асыруда. Мәселен, Аягөздегі ПЧ-42 мен Семейдегі ПЧ-39 мекемесіне тиесілі күрделі жөндеуден өткізілетін аумақтар енді бірер жылда бастан-аяқ жаңартылып, ағаш шпалдар толықтай алынатын болады. Соның нәтижесінде пойыздың қозғалыс жылдамдығын сағатына 80/60-тан 140 шақырым сағатқа дейін арттыру мүмкіндігі туады. Бұл «Талго» пайызының тек осынау телім бойындағы шекті мөлшері. Ал, жай жолаушылар пойызының жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құраса, жүк пойыздары 80 шақырымдық жылдамдықпен жүйтки алатын болады. Осынау тиімділіктер бөлімшенің тасымал процесіне қатысты барлық көрсеткіштерін еселеп, мол жетістік әкеледі деп күтілуде.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті