Семейлік жұмыскерлер қаракүзге дейін үлгеру үшін жол жөндеу жұмыстарын үдете түсті

Инфрақұрылым
10.09.2021, 11:19
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша жазғы жол жөндеу жұмыстары биыл қарқынды жүргізіліп, қара күзге дейін созылуда. Қазіргі таңда жол сауықтыру шаралары алдағы қатал қысқа даярлық жасаумен қатар жүргізіліп жатыр. Жоспарлы шаралар мерзімінде басталғанымен, қажетті құрылыс материалдары уақытында жеткізілгенімен кейбір күрделі жөндеу мен орташа жөндеулер жүргізілуі қажет аумақтарды нақтылау шамалы уақыт алған болатын. Сондықтан, шығыстағы жолшылар қауымы жол сауықтыру шараларын үдете түсіп, батыс тармақ бойынша, яғни, Шаған мен Көл станциялары арасындағы 5,31 және Жалпақ пен «Пост А» жол айрықтары аралығындағы 9,45 шақырымды құрайтын қумажолдар күрделі жөндеуден өткізбек.

– Қазіргі таңда Дегелең-Семей телімдері толықтай сүзгіден өткізіліп, ақаулықтары бар аумақтардың координациясы нақтыланып, регламент жасалды. Әзірге жоспар берілген жоқ. Алайда, Аягөз жол дистанциясының аумағындағы жол сауықтыру шараларын толықтай аяқтаған соң ПЧ-39 мекемесі бойынша, Дегелең бағытындағы күрделі жөндеуге кірісетін боламыз. Жол жөндеуші компания өкілдері қазіргі таңда бөлімшеде, келісім аясында тағы да бірқатар мәселелер нақтылануда, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей магистральдық желі бөлімшесіндегі Жол бөлімінің бастығы Қайыргелді Ахметжанов.

Айта кетерлігі сол, аталған қума- жолдар толықтай жаңадан темір-бетонды шпалдарға ауыстырылмақ. Осы мақсатта 27158 данадан аса шпалдар мен 53136 текше метр қиыршық тас жеткізілуде. Керекті материалдардың жеткізілуі өткен айларда басталған болатын. Осыған дейін ПЧ-42 мекемесіне қарасты бірқатар телім бойы, атап айтсақ, Аягөз бен Жарма станциялары аралығында жол төсемін ауыстыру жұмыстары қолға алынған-ды. Осынау ретте Аягөз-Жарма аралығындағы Қарақойтас-16 жол айрығы және Үшбиік станциясы аралығындағы жалпы көлемі 26,8 шақырым желі бойы жоспарға сай темір-бетонды шпалдарға ауыстырылды. Жұмыс барысы кідіріссіз жүргізіліп, әне-міне аяқталмақ.

– Дистанциямыз бойынша күрделі жөндеу жалпы аяқталды деуге болады. Кеше, қыркүйектің 8-ші жұлдызы соңғы плеть салынды. Сонымен қатар, жол жиектерін жинастыру, жекелеген аумақтар бойынша ескерту қадаларын орнату сынды болмашы уақ-түйек жұмыстар қалды, – дейді ПЧ-42 мекемесі техникалық бөлімінің бастығы Болат Мұстафинов.

Жалпы, Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша ағымдағы жылы күрделі жөндеуден өтетін телімдер аумағы жоспар бойынша 40,84 шақырымды құрап отыр. Ал, күшейтілген орташа жөндеу 15,085 шақырым, жалпы орташа жөндеу 20,8 шақырымды құрайды. Бөлімшенің жол шаруашылығы мамандарының айтуынша, барлық жұмыстар күзгі қара суық түскенге дейін толық аяқталмақ. Биылғы көзделген меже бойынша күрделі жөндеу шаралары ПЧ-42 мен ПЧ-39-да жүргізілсе, орташа жөндеу жұмыстары негізінен Өскемен өңірінде жүзеге асырылады екен. Защита өңіріндегі телім бойы шаруашылық тәсілмен жөнделуде. Уақыттан шамалы кешіккенімен еш ұтылмайтындарына сенімді шығыстағы теміржолшылар жол сауықтыру шараларын жыл сайын үдете түсуде. Аягөз және Семей жол дистанцияларына қарасты күрделі жөндеуден өткізілетін телім бойы 2030 жылға қарай толықтай жаңартылып, ағаш шпалдар мүлдем қолданылмайтын болады. Қазіргі болжам бойынша бүгінгі күннің өзінде жекелеген қумажолдар бойынша пойыздың қозғалыс жылдамдығын сағатына 80/60-тан 140 шақырым сағатқа дейін арттыру мүмкіндігі бар екен. Бұл дегеніміз «Тальго» пойызының тек осы телім бойындағы шекті мөлшері. Семей мен Өскеменнен оңтүстік астана мен елорданы бетке алатын жолаушылар пойызының жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құраса, жүк пойыздары 80 шақырымдық жылдамдықпен жүйтки алатын болады. Осы орайда шығыстағы жолшылар қауымы үшін жолдың балдық сапасын жақсартып, заманауи тұрғыда, яғни, темір-бетонды түйіспесіз жолдарға аустырып шығу басты мақсат болып отыр.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды