Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясы барлық қондырғыларды тексеруден өткізді

Инфрақұрылым
14.09.2021, 11:22
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясы қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға жол бермеу бағытында біраз жұмыс атқарды. Басты назар байланыс желісіне аударылды. Вагон зертханасымен байланыс желісінің параметрлерін өлшеу және көзбен шолып қарап шығу жұмыстары орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда балдық баға 0,1 балға төмендеген. Сонымен қатар қашықтықта пойыздар қозға- лысы мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және жеке нормативтерді орындау мәселелері бойынша ай сайын техникалық-экономикалық кеңестер өткізіліп тұрды. Бұдан бөлек, электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылау орнатылды. Ай сайын қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының барлық тармақтары орындалды. Қозғалыс қауіпсіздігінің нашарлауына жол берген цех басшылары тыңдалды.

«Электрмен жабдықтау шаруашылығы құрылғыларының сенімділігін арттыру жоспарына сәйкес, байланыс желісі бойынша 340 км ағымдық жөндеу орындалды. 3000 дана фарфор оқшаулағышына диагностика жасалды. Байланыс желісінің 450 дана тозған тіреуіш ішектерін ауыстырдық. КС-059-1 түйісу қысқыштарын кабельді желіге ауыстырдық. Бес тіректің негізін күшейттік. АБ және ДПР желісіндегі ОМ, ЗНОМ трансформаторларын жөндеуден өткіздік. Осы жылдың алты айында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзу және нормативтің жеке қатысуын орындау бойынша басшылық құрамға 5 тәртіптік жаза (1 сөгіс, 4 ескерту) қолданылды. Ал дистанция қызметкерлеріне 32 тәртіптік жаза (20 сөгіс, 4 қатаң сөгіс, 8 ескерту) жарияланды», – деді Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының басшысы Рауан Сүлейменов.

Биыл жаз айларында «Байланыс сымы – токқабылдағыш» айлығы өткізілді. Айлық аясында токқабылдағыштардың жай-күйін, көмір ендірмелерінің тозуын, токқабыл- дағыштардың байланыс сымына рұқсат етілген басылуын тексеру кестесі жасалды. ТЧЭ өкілдерімен бірлесіп КZ токқабылдағыштарына тексеру жүргізілді. Бекітілген учаскелердің бастықтары байланыс желісінің құрылғыларын қарап, Тальго бойынша сынақтар мен нұсқаулықтарды қабылдады. Тартқыш қосалқы станциялардың бастықтары мен ауысымдық кезекшілері фидерлердің кернеу деңгейін бақылады. Арыс электровоздарының токқабылдағыштарын, бекітілген учаскелер бойынша тексеру арқылы айналма жолдарды тексерудің жүргізілуіне диспетчерлік бақылау орнатылды. Сондай-ақ, Түлкібас-Арыс-Сарыағаш электрлендірілген учаскесі байланыс желісінің параметрлерін тексере отырып, АДМ автомотрисасында бақылау сапарлары ұйымдастырылды.

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды