Дегелең - Жаңа-Семей теліміндегі жолдың 15 шақырымы жөнделіп жатыр

Инфрақұрылым
21.09.2021, 11:55
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Елдің теріскейі мен шығысын жалғайтын, тасымалы қарқынды Дегелең-Жаңа-Семей телімін жаңарту бағытындағы жұмыстың басталғанына біраз жыл болды. Аталған телім аралығында биылғы жылы да қарқынды жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын, 2009 жылы басталған жұмыс әлі де жалғасуда. Бұл ретте семейлік теміржолшылар қауымы 2030 жылға қарай көзделген межеге толық қол жеткіземіз деген ұстанымда. Бүгінде Шаған мен Көл станциялары арасындағы 5,31 және Жалпақ пен «Пост А» жол айрықтары арасындағы 9,45 шақырымды құрайтын қумажолдар күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Қыркүйек айының 10 күні басталған жұмыстар осы айдың аяғына дейін толық аяқталмақ. Жалпы аумағы 15 шақырымды құрайтын телім бойында қажетті барлық жол машиналары жұмылдырылуда.

– Осынау жұмыстар аясында рельстер мен шпалдар толық ауыстырылатын болады. Қазіргі күні ағаш шпалдар орнына темірбетонды төсем салуды бастап кеттік. Осыған дейінгі қолданылып келген 25 метрлік жолдардың орнына 800 метрлік түйіспесіз рельстер төселуде. Бұл шаралардың берер мүмкіндігі сол аталмыш телім бойынша ендігі аралықта жылдамдық артатын болады. Бүгінгі таңда бұл аумақ бойынша жолаушылар пойызы 60, ал жүк пойыздары 50 шақырыммен ғана жүретін болса, осыдан кейін жүк пойыздары сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүйткуге мүмкіндік алады. Ал, жолаушылар пойызының қозғалысын 100 және Тальго пойызын 120 шақырымдық жылдамдыққа жоғарылатуға мүмкіндік туатын болады, – дейді бұл орайда телім басында жүрген Семей жол дистанциясының бас инженері Мырзабек Керейбаев.

Аптаның сенбі күні түс әлетіне дейін толаскез алған теміржолшылар телімдегі негізгі жұмыстарды сәтімен жүзеге асырды. Толық көлемде жеткізілген қажетті материалдар мен жол машиналары уақытты тиімді пайдалануға ықпал етуде. Сонымен қатар, жаңадан салынған жол тек ағымдық күтімді ғана қажет ететіндіктен біршама жылдарға дейін күрделі жөндеуді қажет етпейді. Яғни, қаражат шығыны да азаяды деген сөз. Аталмыш телімдегі жұмыс толыққанды аяқталған соң осы бағытқа қарасты Дегелең – Май телімі аралығында 6 шақырым телімге жөндеу жүргізу керек. Бұл, әрине, алдағы уақыттың жоспары. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі таңда жаңарған жолдардың есебінен аталмыш Дегелең-Жаңа-Семей телімі бойынша пойыздардың жылдамдығы сағатына 140 шақырымға дейін жеткен. Бұл республика бойынша үлкен көрсеткіш саналады. Осылайша жаңарған жолдар Нұр-Сұлтан қаласы мен ел шығысын пойыз қатынасы бойынша бұрынғыдан да «жақындата» түсуде. Білікті басшы Рахат Ботаспаев жетекшілік ететін дистанция бойынша бүгінгі таңда 5 бағыттамалы бұрма жеткізілген. Олар басшылық ұйғарымы бойынша Белағаш станциясы және №41 жол айрығына салыныпты. Дегенмен бөлімше бойынша ағымдағы жылдың ең іргелі шаруасы – Шаған мен Жаңа-Семей аралығын жылдағы жүргізіліп келе жатқан әдіс бойынша талапқа сай ету. Бұл ретте семейлік теміржолшылар қазіргідей жоғары қарқынмен бұл межеге де көзделген уақыт аралығында толық қол жеткізері анық.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті