Мамин Ресей Үкіметінің Төрағасы Мишустинмен келіссөз жүргізді

Жаңалықтар
02.11.2021, 14:24
Оқуға 2 мин
2021 жылғы 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. Үкімет басшылары сауда-экономика, қаржы-инвестиция, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, энергетика, ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация аясындағы жобаларды талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемия салдарын жою жөніндегі бірлескен шаралар қаралды.
А. Мамин екі елдің ұлттық экономикаларының белсенді қалпына келуі аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастар мен инвестициялық ынтымақтастық дамуының жоғары қарқынын атап өтті. Осы жылдың 8 айында елдер арасындағы тауар айналымы $14,7 млрд дейін 27%-ға өсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тараптар бұл көрсеткішті $20 млрд дейін жеткізуге ниетті. 2021 жылдың бірінші жартысында РФ-ның ҚР экономикасына тікелей инвестицияларының көлемі 17%-ға артып, $704,9 млн құрады. Қазақстанда Ресей капиталының қатысуымен 10 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, бұл шетелдік қатысуы бар кәсіпорындардың жалпы санының 36,1%-ын құрайды. Өнеркәсіптік кооперация саласында $1,7 млрд сомасына 8 бірлескен ірі жоба іске асырылып жатыр.
РФ Үкіметінің Үйлестіру орталығында А. Мамин мен М. Мишустин көлік инфрақұрылымының озық дамуы, екі елдің транзиттік әлеуетін және аймақтық өзара көлік байланысын нығайту, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік – Оңтүстік» дәліздері және ЕАЭО кеңістігіндегі басқа да бағыттар шеңберінде нығайту мәселелерін талқылады. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің, РФ көлік министрі Виталий Савельевтің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың және «РТЖ» ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозеровтың баяндамалары тыңдалды. Биылғы жылдың 9 айында Қазақстан мен Ресей арқылы Орталық Азия, Еуропа, Қиыр Шығыс бағыттарына 599,5 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 37%-ға артық. Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі 493,5 мың ЖФЭ (+38%) құрады. Келіссөзге ҚР-ның РФ-дағы елшісі Ермек Көшербаев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және т. б. қатысты.
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды