Көліктік бақылау комитеті темір жолға қарасты 300-ге жуық нысандағы заңбұзушылықтарды анықтады

Жаңалықтар
05.11.2021, 10:53
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көліктік бақылау комитеті темір жолдағы 299 кәсіпорынға тексеру жүргізіп, бірталай заңбұзушылықты анықтаған. Көліктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде 8,6 мың жылжымалы темір жол құрамы, 7,2 мың шақырымнан астам магистральдық, станциялық және кірме жолдар тексерілген. Бұл туралы көлік бақылау органдарының 2021 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындыларын жариялау бойынша кеңес кезінде айтылды. Вице-министр Берік Камалиевтің басшылығымен өткен кеңесте 4,5 мың жүк көлігінің жол жүруге рұқсат етілген параметрлерден асып кетуіне жол берілмегені айтылды. Жалпы жол төсеміне келтірілген залал 1,4 трлн теңгені құрап, мемлекет кірісіне 4,3 млрд теңгеден астам алымдар мен айыппұлдар өндірілген. Айта кетейік, соңғы кезде кірме жолдар сапасы сын көтермейтіні жайлы теміржолшылар дабыл қағуда. Жеке меншік иелерінің қарауындағы кірме жолдардағы бұзушылықтар, жылдар бойы жөндеу көрмеген темір жолдар тиісті орындардың да алаңдаушылығын туғызуда.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті