ҚТЖ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев ҚР тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

Жаңалықтар
01.12.2021, 08:02
Оқуға 2 мин
Құрметті отандастар! Құрметті әріптестер! Баршаңызды ҚР тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Ер мен ел мерекесі бейбіт өмір салтанат құрған ордамыздың берекесін арттыра берсін! Тәуелсіздік халқымыздың басына бақ боп қонғанда таққа отырған  Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында саяси-экономикалық, құқықық, әлеуметтік-мәдени реформалар жүзеге асты. Мемлекет басшысы президенттік билік институтын нығайта отырып, қоғамды демократияландыру арқылы өркениет көшіне ілестіруге сүбелі үлес қосты. Егемендік жылдарындағы көлік-логистика кешенінің қарқынды дамуы да Елбасыдан бастау алған стратегиялық бағдарламалардың нәтижесі. 30 жылда темір жол саласы заман ағымына бейімделу үшін ауқымды жоба-жоспарларды іске асырды; жаңа магистральдар салынып, қолданыстағылары ауыстырылды, пойыз құрамдары жылдан жылға жаңарып келеді, теміржол саласы бойынша машина жасау өндірісі қалыптасты, жолаушылар пойыздарының жылдамдығын арттыру бағдарламасы орындалды, Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасалды. Осындай толағай табыстарға жетуге себепкер болған Нұрсұлтан Назарбаев бірлік пен елдікті, татулық пен достықты дәріптеп, егемендікті еңселі ете білді. Сондықтан да бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше. ҚР тұңғыш Президенті күнін атап өту - өнегелі өмірі Қазақстанның өсіп-өркендеуімен қатар өрілген тарихи тұлғаға, атақ-даңқы алысқа кеткен саясаткерге деген құрмет деп білем. Халқымыз бен Елбасымыздың осынау мәртебесі әлем елдері алдында биіктей берсін! Сіздерге мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас  несібе-дәулет тілеймін! Әрдайым отбасыларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем, абыройларыңыз асқақ болсын!

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ

Басқарма Төрағасы

Нұрлан Сауранбаев

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды