Сұрақ: Еңбек демалысымның тек 5 күнін ғана алып, қысқа мерзімді демалысқа шықсам деп едім, алайда кадр мамандары заңға сәйкес, еңбек демалысы кем дегенде 2 апта болуы керек деді.
Жауап: ҚР Еңбек Кодексінің 92-бабы, 3-тармағына сәйкес жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша төленетін жылдық еңбек демалысы екіге бөлініп берілуі мүмкін. Бұл ретте демалыстың бір бөлігі 14 күннен кем болмауы керек делінген. Алайда бұл 2 апта уақыт демалыстың бірінші бөлігіне түсіп қалуы міндетті емес.
Еңбек демалысын қалай есептейді?
Оқуға 1 мин