ҚТЖ-ның 32 қызметкері қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

Жаңалықтар
06.12.2021, 10:00
Оқуға 1 мин
Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі III форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 32 ішкі жаттықтырушысы марапатталды. Олар 51 мыңнан астам жұмыскерді қауіпсіз өндіріс саласындағы дағдылар мен құзыреттерге үйретті. «Қауіпсіздік мінез-құлқы диалогы», «Ішкі бақылау», «Оқиғаларды басқару», «ТЖ басқару», «Қоршаған ортаны қорғау» және т. б. бағдарламалар бойынша 95 мыңнан астам сағат онлайн-сабақтар өткізілді. Кәсіби шеберлігі және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ішкі жаттықтырушылар «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, компанияның Басқарма Төрағасы Н. Сауранбаевтың грамоталары мен  алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Олардың арасында Ақадыр электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғаудың  жетекші инженері, «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС экология жөніндегі менеджері, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Алматы бөлімшесі филиалының өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің бастығы және т. б. бар. Сондай-ақ форумда 15 жыл бойы өндірістік жарақаттану жағдайлары тіркелмеген ҚТЖ-ның тоғыз бөлімшесіне 1-сыныпты сенім сертификаттары берілді. Олар: Түлкібас жол дистанциясы, Ақадыр белгі беру және байланыс дистанциясы, Бурабай – Курортының өртке қарсы және қалпына келтіру пойызы, Қандыағаш станциясының вокзалы, Бурабай-Курорты материалдық-техникалық жабдықтау базасы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Западный» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиалының Орал учаскесі, «Тұлпар» вагон жасау зауыты» ЖШС және «KTZ Express» АҚ-ның «KTZE Западный» филиалы.
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды