ҚТЖ-да Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша форум өтті (+фото)

Жаңалықтар
06.12.2021, 11:57
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2021 жылдың 3-желтоқсанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша ІІІ-ші форум өтті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі іс-шараның мақсаты – қауіпсіз еңбекті насихаттау, нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын ілгерілету және экологиялық жауапкершілікті арттыру. «Тұрақты даму – Компания алдында тұрған әлеуметтік және экологиялық сипаттағы сын-қатерлер» атты офлайн және онлайн форматта өткен форум YouTube-те онлайн-трансляция арқылы 1500 адамнан тұратын аудитория жинады. Форум жұмысына VISION ZERO нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының әлемдік елшісі Конколевски Ханс-Хорст, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) жетекші кеңесшісі Полина Пименова, «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Мұхтар Манкеев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Российские железные дороги» ААҚ-нің өкілдері, бизнес-серіктестер, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма мүшелері және еншілес ұйымдарының басшылары қатысты. Ағымдағы жылдың қазан айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Компанияның әр қызметкеріне арнаған жеке үндеуіне қол қою арқылы  қызметкер үшін теріс салдар әкелетін қауіпті жұмыстарды тоқтата тұру немесе тоқтату құқығын растаған болатын. нурлан сауранбаев

«Биыл «Өндірістік қауіпсіздік» Интеграцияланған жүйесі» (ӨҚ ИЖ) жобасының мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, жұмысшылар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтату құқығын 500 рет пайдаланды.Бұл қауіпсіз жұмыстарды тоқтату құқығын пайдалану іс-әрекетінің жұмыс істей бастағандығының нақты белгісі және де ол Қауіпсіз Еңбек Мәдениетін арттыруға бағдарланған біздің бағытымыз», – деді Басқарма төрағасы.

Смартфонның көмегімен кез-келген қызметкер қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісін жазып, апаттың алдын ала алады. Мәселен, биыл теміржолшылармен 5900-ден астам қауіпті іс-қимыл мен 12500 қауіпті жағдай анықталған. Ал бұл фактілердің әрқайсысы болуы ықтимал жазатайым оқиға немесе  жағымсыз жайт еді. Осының барлығы 100 мыңнан астам қызметкер қолданатын ӨҚ ИЖ мобильді қосымшасы арқылы тіркелген. Форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының басшылары қозғалыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті қабылдап, жеке міндеттемелеріне  қол қойды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптары адамның лауазымына қарамастан барлық деңгейде сақталуы тиіс екенін атап көрсетті. Ол компанияның барлық өңірлердегі басшыларына жеке міндеттемелерге қол қойып, олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі III форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 32 ішкі жаттықтырушысы марапатталды. Олар 51 мыңнан астам жұмыскерді қауіпсіз өндіріс саласындағы дағдылар мен құзыреттерге үйретті. «Қауіпсіздік іс-қимыл диалогы», «Ішкі бақылау», «Оқиғаларды басқару», «ТЖ басқару», «Қоршаған ортаны қорғау» және т.б. бағдарламалар бойынша 95 мыңнан астам сағат онлайн-сабақтар өткізілген. Кәсіби шеберлігі және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ішкі жаттықтырушылар «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, компанияның Басқарма төрағасы Н. Сауранбаевтың грамоталарымен және алғыс хаттарымен, сондай-ақ,  ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты