Тұрақты даму үш негізгі бағытта – экологиялық қауіпсіздік, әлеуметтік жауапкершілік және экономикалық әл-ауқат бағыттарында дамуды көрсетеді.Осы ретте, «ҚТЖ» ҰК» АҚ республикамыздың көлік саласының көшбасшысы бола отырып,  жоғары өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар елдің дамуы мен өркендеуіне, оның азаматтарының өмір сүру сапасы мен жағдайларын жақсартуға үлес қосуға ұмтылуда. Ұлттық компанияның Тұрақты даму саласындағы стратегиялық ұстанымы  – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу.Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша  өткен кешегі форумда «Компанияның өндірістік қауіпсіздік саласындағы тұрақты дамуы» туралы сөз алған Компания бас инженері Батыр Котырев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 17 мақсатына бейілділігі экологиялық қауіпсіздік, әлеуметтік тұрақтылық және экономикалық орнықтылық аспектілерінде ашылатын атап өтті.
«Компанияның экологиялық көрсеткіштеріне келер болсақ, қазіргі уақытта экологиялық әсер ету деңгейі төмендеудің тұрақты динамикасымен сипатталып отыр. Және ол теміржол көлігінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға бағытталған жыл сайынғы кешенді техникалық табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен қамтамасыз етілуде. Мәселен, есепті кезеңде қоршаған ортаға зиянды заттардың эмиссиясы 5,5 мың тоннаға төмендеді. Компанияның «Экологиялық әсер ету деңгейі» көрсеткіші есепті тоқсанда 0,639 құрап, 2021 жылға арналған нысаналы мәнінен  – 0,640-тан төмендеп, жақсара түсті. Осылайша, айыппұлдар мен нормативтен тыс төлемдерге жол берілген жоқ» , – деді Батыр Котырев.