БҰҰ критерийлеріне сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қоршаған ортаға әсеріне жүргізілген бағалау, Компанияның негізгі экологиялық аспектілері – парниктік газдар немесе СО2 шығарындылары екенін көрсетуде. Ал оларды басқару бағытында қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Бұл туралы Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша ІІІ-ші форумда айтылған, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«Париж келісімінің талаптарын іске асыру шеңберінде көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бүкіл әлемде өзекті мәселе болып отыр.Қазақстан Республикасы ТМД елдері арасында бірінші болып осы Келісімді 2016 жылғы 6 желтоқсанда ратификациялады және декарбонизацияланған (көміртексіздендіру) экономиканы дамытуға өзінің бейілділігін дәйекті түрде көрсетуде. ҚР Президенті Климат жөніндегі Париж келісімінің қабылдануының бес жылдығына арналған климаттық амбициялар жөніндегі саммитте: «Біз 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуге міндеттенеміз. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан эмиссияларды қысқарту және экономикамызды декарбонизациялау бойынша өршіл ұзақ мерзімді стратегияны әзірлейді және қабылдайды» деген болатын. Өз кезегінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Париж келісімін орындау шеңберінде 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің жақтаушысы екенін көрсетеді және қазіргі уақытта Компанияны терең декарбонизациялау тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде», – дейді Компания бас инженері Батыр Котырев келешек күннің жоспарымен бөлісіп.