«2013 жылдан бастап компанияның өндірістік қызметінен көміртегі ізі 10% төмендеді. Егер 2013 жылы СО2 (көмірқышқыл газының) тікелей шығарындылары 2 млн.079 мың тоннаны құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 1 млн. 888 тоннаға дейін азайды», – дейді Батыр Қуанышұлы.Компания бойынша шығарындыларды азайту энергия жинақтау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде қамтамасыз етілуде екен. Сондай-ақ, ел теміржолында пайдаланып жүрген «Evolution» сериялы тепловоздар ескі үлгідегі тепловоздармен салыстырғанда ластаушы заттардың шығарылуын 2,2 есе азайтуға мүмкіндік беруде.
Темір жол көлігінен және өндірістен шығатын зиянды қалдықтар азайып келеді
Оқуға 1 мин
Теміржол көлігінен қоршаған ортаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрақты төмендеу үрдісіне ие болып отыр. Нақты деректерге жүгінсек, Қазақстан Республикасының парниктік газдардың ұлттық кадастрына сәйкес, 1990-2018 жылдар аралығында теміржол көлігінен шығарылған зиянды заттардың үлесі 24,3%-дан 6,2%-ға дейін төмендеген.
Ұйымның көміртегі ізі тікелей және жанама шығарындыларды қамтиды. Әдетте, парниктік газдардың тікелей шығарындылары жылжымалы көздерді (тепловоздар, дрезиналар, Автомобильдер) және тұрақты тұтынушыларды (қазандарды, қазандықтарды, пештерді) пайдалану процесінде жүзеге асырылады.