«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қауіпсіздік сертификаты берілді

Жаңалықтар
14.12.2021, 09:23
Оқуға 1 мин

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын алды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Көлік комитетінің елордалық көліктік бақылау инспекциясы табыстаған бұл құжат тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен сенімділігі сақталып отырғанын куәландырады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Қауіпсіздікті басқару жүйесі Қазақстанның теміржол көлігі саласы заңнамасында белгіленген талаптар үдесінен шығып отырғанын айғақтайтын құжаттың жарамдылық мерзімі 2024 жылға дейін.

«Сертификат теміржолда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы процестердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын растайды. Осы ретте, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу тәуекелдерін бағалау және қауіптерді анықтау алгоритмі әзірленгенін атар едік. Әдетте, қауіпсіздікті бұзу себептері есепке алынып және талдау жүргізіледі. Ал алдағы уақытта талдау деректері негізінде келеңсіз жағдайларға жол бермеу үшін алдын алу шаралары әзірленбек», – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Қанат Мұсабеков.

Айтып өткеніміздей, құжаттың қолданылу мерзімі 2024 жылдың соңына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Алайда, осы үш жыл ішінде қозғалыс қауіпсіздігін өрескел бұзған немесе қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындамаған жайттарға жол берілсе, сертификат өз күшін жояды.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды