Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еңбек озаттары түрлі марапаттарға ие болды

Жаңалықтар
14.12.2021, 12:05
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстан темір жолы» компаниясында ерен еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген бір топ сала мамандары басқарма басшысының қолынан марапат алды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Теміржол саласының ең мәртебелі кәсіби марапаты – «Құрметті теміржолшы» төсбелгісіне ие болғандар қатарында «Вагонсервис» АҚ Павлодар телімі техникалық жолаушылар паркінің слесарь-электригі Владимир Сваричевский, Тобыл станциясының диспетчері Виктор Ермак, «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Ақадыр белгі беру және байланыс дистанциясының диспетчері Азамат Шакенов, «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шымкент жол дистанциясының жол шебері Еделбек Тағаев, «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Екібастұз электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Абай Әлжанов бар. «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болғандардың да осалы жоқ: теміржолда 41 жыл еңбек өтілі бар компанияның «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Астана жол дистанциясының №15 желілік учаскесінің жол шебері Сабырбек Қашқымбаев, жұмыс тәжірибесі жиырма жылға жуықтаған «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Атырау жол дистанциясының бастығы Аманқос Жылқыбаев, 23 жылдық еңбек өтіліне ие «Семей жүк тасымалы бөлімшесі» филиалы Жаңа-Семей бағыттама қосынының аға кезекшісі Мути Мүбәраков сынды нағыз майталман теміржолшылар.

– Осынау жылдар ішінде темір жол саласы үлкен жетістіктерге жетті. Бұл – сала жұмысшыларының күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ерен еңбек қандай марапатқа да болса лайық. Жылдағы дәстүрді жалғастырып, бүгін олардың еңбегін ерекше атап өткелі тұрмыз. Мереке қарсаңында баршаңызға бақ-береке, амандық тілеймін! – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма басшысы Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар, «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісімен екі адам марапатталды. Олар – «Астана қорғаныс екпе ағаштар дистанциясы» филиалының Көкшетау желілік-пайдалану бөлімшесінің өндірістік телім шебері Кенжеғали Шокаков пен «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Рахат Жананиет. Бір айта кетерлігі, Рахат – Ташкент қаласында өткен жарыста ақтық мәреге жетіп, самбодан әлем чемпионы атанған спортшы. Кәсіподақ атынан Рахатқа бес жүз мың теңгенің сертификаты берілді. Барлық қатысушыларға Компания төрағасы атынан арнайы қолсағаттар табыс етілді.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті