2022 жылы темір жол саласындағы жастарды қолдауға арналған арнайы бағдарлама жүзеге аспақ

Жаңалықтар
14.12.2021, 12:19
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияда 2022 жылдан бастап жастарды қолдап, дамытуға бағытталған «Жас Темір» бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Жас Өркен» жастар бағдарламасының баламасы іспетті болады, деп хабарлайды Rail-news.kz. Бағдарлама мақсаты – ұлттық компания кәсіпорындарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Бұл тәлімгерліктің үздік тәжірибесін енгізу және компанияны дамыту перспективалары есебінен жүзеге асырылады. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: ҚР азаматы болуы, Нұр-Сұлтан қаласында тұруы керек. Бағдарламаның мақсатты топтарына еңбек жолын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да бастап, кәсіби теміржолшыға айналуды көздейтін, саладағы ЖОО-ның 2020-2022 жылғы түлектері жатады. Жас мамандар бес кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтеді. Бағдарламаның басты артықшылығы – компанияның тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан іріктелген жеке тәлімгерлер жетекшілігімен жас мамандарды жеделдетіп дамыту. Бағдарламаға қатысу кезінде жастар ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінде 3 ротациядан өтеді, әр ротация ұзақтығы – 5 ай. Бұл бағдарлама арқылы жастар неге қол жеткізеді десек: әр ротация алдында оқытылады, әрбіріне жеке тәлімгер бөлінеді, негізгі мамандық бойынша 3 ротация, ай сайын тұрақты жалақы, компания есебінен жатақхана, мақсатты жоспарлау және жеке даму жоспары, кәсіби мамандармен жұмыс.

«Басты қойылатын талаптарға сәйкес креативті және аналитикалық ойлау қабілеті бар теміржол саласы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлек болуы керек. Жол және жол шаруашылығы, электрмен жабдықтау, маркетинг және логистика, тасымалды ұйымдастыру саласы бойынша жұмыс іздегендер келе алады. Шілде айында іріктеу қорытындысын шығарамыз. Үміткерлер арасынан 10 адам таңдалып алынады», – дейді компанияның персоналды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева.

Бағдарлама қорытындысында жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жұмысқа орналастырылады. Қатысушылар тарапынан қабылдау 2022 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Компания теміржол саласында кәсіби маман болуды армандайтын талантты жастарды осы бағдарламаға қатысуға шақырады.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті