Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ бас инженері Батыр Қотырев "Ерен еңбегі үшін" медалін алды. Оған бұл марапатты елорда әкімі Алтай Көлгінов табыс етті. Батыр Қуанышұлы теміржолшылар әулетінен шыққан. Шамамен 900 жыл еңбек өтілі бар әулеттің тек темір жолға ғана емес, қаланың дамуына да қосқан үлесі зор.

"Менің атам мен әкем өмір бойы Целинный теміржолында жұмыс істеді. Теміржолшылар қаланың дамуына әрдайым белсенді үлес қосқанын айтқым келеді, өйткені бүкіл тауар да, тасымал да теміржол арқылы жеткізілетіні өз алдына, өндірістік мәселелерді шешуде де теміржол күші мен қуатына сүйенетін кездер аз болған жоқ", – дейді Батыр Котырев.

Әйгілі династия өкілі мұндай жоғары марапат қаланың барлық теміржолшыларының еңбегін бағалау деп түсінетінін айтты. "Бұл марапат – еліміздің және астананың дамуы үшін еңбек етіп жатқан барлық теміржолшылар еңбегіне берілген баға", – дейді ол.