5 жылда Құрық порты арқылы 2018 кеме өткен

Жаңалықтар
24.12.2021, 13:28
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Желтоқсан айында Құрық портының ашылып, қызметін бастағанына бес жыл толды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Осы қысқа мерзім ішінде «Құрық порты» қарт Каспий айдынындағы көшбасшы кәсіби компанияға айналды. Қазіргі уақытта порттың паромдық кешені арқылы қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химикаттар экспортқа жөнелтілуде. Ал шетелден портқа келетін жүктер қатарын азық-түлік өнімдері, өнеркәсіптік жабдықтар, құрылыс материалдары, тағы басқалары құрайды. Каспийдің шығыс жағалауында орналасқан порт арқылы барлығы 2018 кеме өткен, ауыстырылып тиелген жүк көлемі 6,017 млн тоннадан асқан. Ағымдағы жылдың соңғы 10 айында 866,743 мың тонна жүк және 368 кеме өңделіпті. Порт кадрлармен толық қамтылған және 160 адамнан тұрады. Олардың басым бөлігін жергілікті мамандар құрайды. «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов бастаған ұжым компанияның 5 жылдық мерейтойын қайырымдылық акцияларымен атап өтті. Порттың туған күніне техникалық және пайдалану блоктарының қызметкерлері жұмыс процесінен қызықты бейнеролик жасап, естелік қалдырды. Сонымен қатар паром кешенінің үздік қызметкерлері марапатталып, айтулы датаға орай өткізілген спорттық жарыстардың жеңімпаздарына сый-сияпаттар табыс етілді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты