«Тұлпар-Тальго» зауытына – 10 жыл

Жаңалықтар
28.12.2021, 10:05
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл елордада ТМД бойынша баламасы жоқ «Тұлпар-Тальго» зауытының ашылғанына – 10 жыл. Жүрдек жолаушылар пойызының вагондарын шығаратын зауыт құрылысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен испандық «Patentes Talgo» компаниясының бірлескен жобасы нәтижесінде жүзеге асырылған еді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінде Қазақстан темір жолындағы жолаушы тасымалының жүрдек пойыздар легін құрап отырған отандық өндірістен шыққан вагондар еліміздің барлық аймақтарына қатынайды. Үдемелі инновациялық-индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан темір жолы» компаниясы салған зауыттың жобалық қуаты жылына 150 вагон өндіруге қабілетті. «Тұлпар» вагондары сонымен қатар, жыл өткен сайын жетілдіріліп отыр. Бірінші кезекте, вагондардың барлық түрлерінің интерьерлік дизайнына өзгерістер енгізілді. «Турист» вагондарының отыруға арналған орындықтары бар мүлдем жаңа түрлері әзірленді. Ал Бизнес-класс және Гранд-класс вагондары барлық қолайлылық қажеттіліктерімен қамтылған. Вагондар Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген, жылдамдығы сағатына 350 шақырымға дейін есептелген. Таяуда зауытқа барған сапарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен «Ремлокомотив» АҚ басшысы Талғат Лесов оның жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ, өндіріс орнының бұдан арғы жұмысын оның жаңа инвесторы – швейцариялық компания қолға алатыны белгілі болды. Олармен алдағы 10 жылға келісімшарт жасалыпты. Айта кетейік, Қазақстандағы машинажасау саласының дамуында үлкен маңызға ие зауытта осы он жылда 845 вагон шығарылған. Оның ішінде 674 вагон «Patentes Talgo» технологиясымен жасалса, қалғаны Тверь вагон құрастыру зауытының технологиясы бойынша өндірістен шыққан.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті