ҚТЖ-ның әлеуметтік пакеті биыл да бірқатар жеңілдіктерді қамтымақ

Жаңалықтар
25.01.2022, 14:50
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында компанияның кадр саясатына қатысты мамандар өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Онда теміржолшылардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша қандай өзгерістер болып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Саян Сыздықовтың баяндамасы теміржолдағы медициналық сақтандыру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, ЕМС – яғни ерікті медициналық сақтандыру бойынша келісімшарттар жасалған, теміржолшылар сол арқылы медициналық қызметтерді пайдалана алады.

Сонымен қатар ЕМС аясында бюджеттің бекітілген сомасы бойынша қолданыстағы сақтандыру пакеттерін жақсарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, өндірістік персонал жұмысшылары үшін стоматологиялық емге арналған сома 5 мың теңгеге көбейтілді, тұмауға қарсы екпені жылына 1 рет салу қарастырылды, «Құрметті теміржолшы» белгісі бар жұмысшылардың ата-аналары үшін тегін тіркелу мерзімі 75 жасқа дейін ұзартылды, клиентке терапевт дәрігердің медициналық консультациясын қашықтан алуға мүмкіндік беретін «Телемедицина» қызметі қосылды.

«Коронавирусқа қарсы екпе алған жұмысшыларға қатысты қосымша жеңілдіктер пайда болды. Мәселен, екпе алғандарға компания есебінен 2 күн демалыс беріледі және олар жолдамалар үлестіру кезінде қосымша артықшылықтарға ие болады. 2022 жылы да ревакцинация алған теміржолшыларға компания есебінен демалыс беріледі. Сонымен қатар санаториялық-курорттық   сауықтыру шеңберінде биыл былтырғыға қарағанда жолдамалар көбірек сатып алынуда, енді жолдама 2 жылда бір рет ұсынылады, сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрғандарға квота арқылы жыл сайын жолдама беру мүмкіндігі қарастырылады», – деді С.Сыздықов.

Әлеуметтік жауапкершіліктен босату аясында персоналды Зейнетке ерте шығару бағдарламасын 894 жұмысшы пайдаланған, бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Соңғы жылдары бірінші рет былтыр декреттік демалыста отырған әйелдерге 1 АЕК көлемінде бір реттік сыйақы төленді. Компанияда жұмысшыларға ұсынылатын әлеуметтік жеңілдіктер республика бойынша ауқымды төлемдердің қатарында.

Мәселен, бұған ҚТЖ жұмысшысының әлеуметтік пакеті «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік стандартында көрініс табатын классикалық жеңілдіктерден де, сонымен қатар басқа портфельді компанияларда жоқ арнайы жеңілдіктерден де тұрады.

Биыл бұл бағытта жұмыстар жалғасын тауып, жақын уақытта комиссия қарауына жұмысшыларды әлеуметтік қолдау бойынша нақты ұсыныстар енгізілмек. Атап айтқанда, кез келген жастағы балаларды асырап алуға материалдық көмек беру, жаңажылдық сыйлықтар алатын теміржолшылар балаларының жасын ұлғайту (14 жас), шалғай станциялардағы балаларды мектепке жеткізу мәселесін ұйымдастыру, т.т.

Жауапты маманның айтуынша, компанияда Тұрғын үй саясаты бойынша АЦУП (диспетчерлер) мамандарын көшіру кезінде қосымша жеңілдіктер енгізілді, соған қоса шақырылған жұмысшыларға екі жыл бойына ипотекалық займдарды өтеп беру мүмкіндігі берілді.

«Отбасы банк» өкілдерімен бірнеше рет кездесуден соң биыл осы банкпен арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткізу жоспарланып отыр. Одан бөлек жұмысшылардың өтінімдерін назарға ала отырып бөлме саны мен мекенжайына қарамастан жалдау ақысы көлемін жылына 1 АЕК-ге дейін қарастыру да көзделуде.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті