ҚТЖ өндірістік қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 70 млрд теңге бөлінеді

Жаңалықтар
27.01.2022, 15:52
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Ұлттық компания директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ұлттық компанияның жаңа құрылымы бекітілген Директорлар кеңесінің отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарын іске асыру сөз болды. Сонымен қатар, биыл, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл мақсатқа компания тарапынан 70 млрд теңге бөлініп отыр.

Әрине, бұл – сала еңбеккерлері үшін жағымды жаңалық. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай, жыл он екі ай ауыр жұмыс атқаратын өндірістегі жұмысшылардың жағдайы бәрінен бұрын қарастырылып, еңбегіне қарай алатын жалақысы да сай болуы керек. Ұлттық компанияда осыған басымдық беріліп отырғаны теміржолшылар көңілінен шығатыны анық. Жалпы жыл басталысымен барлық құрылымдық мекемелер өткен жылға есеп бере бастауы – дәстүрлі шара. Өткен аптада кадр саясаты бойынша былтырғы атқарылған жұмыстар қорытындыланған. Енді директорлар кеңесі жағым- ды жаңалықпен қуантып отыр. Былтыр компания қызметкерлерінің айлық жалақысы 22 пайызға өскені белгілі. 2021 жыл ұлттық компания үшін табысты жыл болып отыр, жүк айналымы 239 млрд т-км неттоға жеткізіп, Қазақстан арқылы өтетін транзит 1 млн ДФЭ-ден асқан. Мың шақырымнан астам темір жол жаңартылса, соның ішінде 582 км бойынша күрделі жөндеу жүргізілген.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті