Бейнеконференция байланысы режимінде «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағы мен Литва өнеркәсіпшілері конфедерациясы өкілдерінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және транзиттік-көліктік ынтымақтастық, сондай-ақ, Қазақстан мен Литваның бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Литва арасында түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тұрақты диалог орныққан. Транзиттік-көліктік ынтымақтастық Қазақстан-Литва өзара іс-қимылының маңызды бағыты болып табылады.