Қазақ-өзбек көлік қатынасы жандана түспек

Жаңалықтар
15.02.2022, 10:03
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Коронавирус инфекциясының кең таралуына байланысты елдер арасындағы жолаушылар көлігі қатынасы тоқтап қалғаны белгілі. Жуырда өткен көлік мәселелері жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан жұмыс тобының отырысында тараптар жолаушылар тасымалын қалпына келтіруге ниетті екендерін білдірді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Өзбекстан Көлік министрінің орынбасары Абдусамат Муминовтің және Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Камалиевтің басшылығымен өткен келіссөздерде ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, сондай-ақ жүк тасымалдау жағдайларын жақсартуға байланысты мәселелер қарастырылған.

Кездесу барысында тараптар эпидемиологиялық талаптарды жеңілдетудің және жерүсті көлігімен жолаушылар тасымалын қалпына келтіру процестерін жеделдетудің маңыздылығы сөз болған. Сондай-ақ, жұмыс тобы автомобиль және теміржол көлігі саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қарастырған. Олар: Түркістан-Шымкент-Ташкент жоғары жылдамдықты теміржолы және Үшқұдық-Қызылорда көлік дәлізі. Сонымен қатар, тараптар Өзбекстан мен Қазақстанның әуе аумақтары бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсетуде жаңа бағыттарды енгізу мәселесі талқыланып, кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылған.

Аймақтар
29.06.2026
ҚТЖ мен Wabtec Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебін салып жатыр
Әлемде
29.06.2026
Израильдегі теміржол құрылысы кезінде 1700 жылдық Рим мүсіндері табылды
Жаңалықтар
29.06.2026
Жолаушылардың тыныштығы – басты назарда
Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды