Жас теміржолшыларға арналған бағдарламаға қатысушылар бақ сынауға кірісіп кетті

Жаңалықтар
22.02.2022, 11:40
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияда жүзеге асырылатын «Жас темір» бағдарламасы темір жол саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету және үздік тәлімгерлік тәжірибені дамытуды көздейді. Бағдарламаға Қазақстан азаматтығы бар, 2020, 2021, 2022 жылдардағы теміржол саласы оқу орындарының бакалавр түлектері қатыса алады. Қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде әрқайсысы 5 айлық 3 ротациядан өтеді.

Бағдарлама аясында биыл қатысушыларды бірнеше мамандық бойынша ротациялау жоспарлануда. Атап айтқанда, өндірістік учаскенің инженер-технологы, өндірістік-техникалық бөлімнің инженері, орталықтандыру және блоктау сигнализациясы электромеханигі (СЦБ), мобильді диагностикалық кешен, жол өлшеуіш вагонының инженер электронщигі, вагон шаруашылығының маманы, еңбекті қорғау мамандары және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі маман, жүк тасымалы логистикасы жөніндегі инженер, вагон шаруашылығы инженері, темір жол көлігіндегі маркетинг жөніндегі менеджер, көлік логистикасы, жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі менеджер.

– Бұл бағдарлама арқылы жас маман не алады? Әр ротация алдында оқытылады, әр қатысушыға жеке тәлімгерлер бекітіледі, негізгі мамандық бойынша 3 ротациядан өтеді, ай сайын жалақы алады, компания есебінен жатақхана беріледі, жоспарлау мақсаттары және жеке даму жоспарлары айқындалады. Сонымен қатар көптеген таныстар және кәсіби мамандармен қызмет ету мүмкіндігі пайда болады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған үздік қатысушылардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар, – дейді компанияның персоналды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева.

Сондай-ақ ол «Жас темір» бағдарламасына қатысушыларға бекітілетін тәлімгерлердің де қандай мамандар екенін атап кетті. Олар – өз саласының кәсіби мамандары, компанияда 3 жылдан аса жұмыс істеген, басқару саласында тәжірибесі бар, бөлім меңгерушісі/орынбасары қызметін атқаратын теміржолшылар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2022 жылы аталған бағдарламаны келесі бағыттар бойынша қайталауды жоспарлап отыр: темір жолдар, теміржол құрылыстары құрылысы; автоматтандыру және басқару; электр қуаты; автоматика, телемеханика және темір жолдағы байланыс; қауіпсіздік және еңбекті қорғау; маркетинг және логистика; тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және операция, көлік; көлік, көлік техникасы және технология.

«Жас темір» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Іріктеу кезеңдері бойынша қатысушылар мотивациялық эссе жазады, профильді тест тапсырады, олардан құзыреттілік сұхбат алынады, байқау комиссиясымен сұхбатқа шақырылады.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті