Су тасқыны төнген жағдайда тұрғындарды эвакуациялауға бір жарым мыңнан астам вагоны дайын

Жаңалықтар
25.02.2022, 11:57
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда су басу қаупі бар аймақтардан адамдарды эвакуациялау үшін 1,6 мыңнан астам теміржол вагоны дайын тұр. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Су тасқыны қаупінің дер кезінде алдын алу және жою, сондай-ақ пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ҚР ИИДМ темір жолдарды су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының бұйрығымен жолдар мен жол бойындағы теміржол нысандарын қорғау бойынша арнайы іс-шаралар кешені енгізілді.

Қазіргі уақытта көпірлер, құбырлар мен дренаждық құдықтарды қар мен мұздан тазарту, сондай-ақ тау және су бұрғыш арықтарды, науалар мен кюветтерді ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мамандар су қоймалары мен агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексеріп, ТЖ бойынша облыстық бөлімшелермен өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды.

«Өткен жылдардың тәжірибесін талдау нәтижелері бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 673 қауіпті орындардың тізбесі анықталды, оларды айналып өту жолдары ұйымдастырылды. Жауапты тұлғалар тәулік бойы кезекшілік етеді. Тасқын су өткен жағдайда су басу аймағынан азаматтарды эвакуациялау үшін локомотивтер және 1,6 мыңнан астам вагон дайындалды. Арнайы техникалар – крандар, тракторлар мен бульдозерлер, 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары тұрақты дайындықта», – деп хабарлады Қ.Өскенбаев.

Министрдің ақпараты бойынша, жолдар мен теміржол құрылыстарын қорғау үшін 2 550 текше метр кесек тас және 9 мың кондициялық емес темір-бетон шпалдары дайындалған. Техника мен материалдардың дайындығы 100% құрайды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті