Премьер-министр қазақ-қытай шекарасындағы экспорт пен импорт түсімін сәйкестендіруді тапсырды

Жаңалықтар
08.04.2022, 09:03
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Оған қатысушылар Қытаймен шекарадағы жағдай, жүктердің өткізілуіне қатысты мәселені талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазіргі таңда Қазақстан-Қытай шекарасында бес автомобиль және екі теміржол өткізу пункті, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АҚ кеден бекетінің жүк терминалы жұмыс істейді. Үкімет басшысы кедендік құн индексі және кедендік төлемдер индексі бойынша оң динамика бар екенін айтып өтті, кедендік құн индексі көрсеткіші 75%-ға, Қытайдан импортталатын тауарлар бойынша 1 кг үшін 4 доллардан 7 долларға дейін, кедендік құн индексі көрсеткіші екі есе – 264 теңгеден 561 тг/кг дейін өскен.

«Нұр жолы» шекаралық өткізу пунктіне келер болсақ, тауар тасымалдауды ұйымдастырушы ретінде жұмысын бастаған «KTZ Express» АҚ арқасында оның өткізу қабілеті күніне 10-нан 47 АКҚ-ға дейін артқан. Бір тасымал құны $4500-ден $2050 дейін төмендеді. Қолма-қол ақшалай өзара есеп айырысу алынып тасталып, қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар электрондық кезек бойынша пилотты жоба іске қосылды.

«Қорғас» ШЫХО-да жыл басынан бері арнайы кран арқылы 61 көлік құралдары ауыстырып тиелген. Бұл ретте тариф екі есеге төмендетілді. Отырыс барысында өткізу пункттерінде кептеліс жоқ және жағдай тұрақты екендігі атап көрсетілді. Әлихан Смайылов статистикалық сәйкессіздіктерді болдырмау үшін тиісті ведомстволарға импорт пен экспортқа қатысты деректерді өзектендіруді, сондай-ақ өткізу пункттерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті