ҚТЖ басшылығы мен туроператорлар Алакөлге туристер тасымалдау мәселесін пысықтады

Жаңалықтар
15.04.2022, 08:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде коронавирус індетімен байланысты эпидахуал жақсарғандықтан биыл жаз маусымында Алакөл демалыс аймағына баратындар саны көбейгелі тұр. Осыған орай демалыс орнына жетуде теміржол көлігін пайдаланатындардың басым болатыны белгілі. Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен еншілес ұйымдары және қазақстандық туристік операторлар, жеке тасымалдаушылар, бірқатар облыс әкімдіктері мен министрліктер өкілдері бейнеконференция арқылы бас қосып, осы мәселені талқылады.

Ұлттық компанияның басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов төрағалық еткен бейнеконференция барысында Алакөлге жетудегі мәселелер мен оның ҚТЖ тарапынан шешілу жолдары сөз болды.

– Маусым айының ортасына таман Алакөл демалыс аймағына баратындар саны күрт өсіп, теміржол көлігіне сұраныс артады. Осы бағытта біздің тарапымыздан қандай жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталып өтейін. Биылғы жаз маусымына әзірге жоспарлап отырғанымыз – өткен жылы қолданыста болған 11 бағдарды қалдыру, сұранысқа қарай әр құрамда 19 вагонға дейін болуын қарастырамыз. Ал егер сұраныс тым көбейер болса, тағы 1-2 пойыз шығарылуы мүмкін. Өткен жылғы тәжірибе көрсеткендей, курортты маусымның бірінші кезеңінде Алакөл бағытына пойыздарда орын жетіспеушілігі туындаған. Ал тамыздан бастап, керісінше, Алакөлден бері қарай орын тапшы болған. Сондықтан биылғы маусымға ертерек дайындық жүргізу үшін сәуір айында бас қосуды жөн көрдік, ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, сол бойынша жұмыстар жүргіземіз, – деді Қ.Әлмағамбетов.

Бейнеконференцияға қосылған туристік агенттіктер өкілдері Алакөлге баратын пойыздардың сапасына, осы бағыттағы пойыздардың жүру кестесіне және тариф бағасына қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.

– Әрине, бұл бағытта су жаңа вагондар болады деп уәде бермесек те, вагондарда жолаушылар жайлылығы үшін барлық жағдай жасалады, мәселен, ауа тартқыш желдету жүйесі заманауи түрімен ауыстырылады, басқа да сервистік қызметтер жақсартылады. «Тальго» пойыздарын іске қосуға қатысты ҚТЖ құрамдарды дайындауда, мамыр айында ол дайын болады. Ал оларды субсидиялауға қатысты Алматы облысы әкімдігінің шешімдері маңызды болып отыр, – деп қосты басқарма төрағасының орынбасары.
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті