Алдағы мамырда «Теміржол білгірлері» сайысы өтеді

Жаңалықтар
19.04.2022, 09:01
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 25 жылдығы және Сала кәсіподағының 30 жылдығы құрметіне компания қызметкерлері арасында онлайн түрде «Теміржол білгірлері» зияткерлер ойыны өткізілмек, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Компанияның әлеуметтік саясат департаменті ұйымдастыратын ойынға Орталық аппаратпен қоса өңірлердегі барлық теміржолшылар қатыса алады. Биыл мамыр айына жоспарланған онлайн жарыс 3 кезеңнен тұрады. Оған қатысу үшін 5 адамнан тұратын команда құрып, формаға сәйкес толтырылған өтінімді 28 сәуірге дейін nurgali_dm@railways.kz. электронды поштасына жолдау керек. Бұл ойыннан жеңіп шыққандар «Самұрық-Қазына» АҚ өткізетін «Prime games» интеллектуалды ойынында ҚТЖ намысын қорғайды.

Байқау шарты бойынша жүргізуші экранға сұрақтарды шығарып, оған жауапты командалар арнайы бланкіге толтырып береді де ұйымдастырушыларға WhatsApp арқылы жолдайды. Әрбір кезең нәтижесі бойынша балл жинақталып, экрандағы турнир кестесіне шығарылады. Ойынға қатысу үшін бір командаға ортақ бір ноутбук және жақсы интернет керек. 2 сағатқа созылатын ойын барысында алдымен оларға ойын ережесі түсіндіріледі, бірінші кезең «60 секунд», екінші кезең «Киноаассорти», үшінші кезең «Музыкалық фестиваль» деп аталады. Қатысушылардан сұрақтарға жауап беруде шапшаңдық, тапқырлық, толық жауап беру талап етіледі. Бірінші кезеңде қатысушылар бір минут ішінде Қазақстанның және әлем теміржолына қатысты сұрақтарға жауап береді. Екінші кезеңінде теміржол туралы кинолардан үзінді көрсетіліп, соның қандай фильм екенін табу керек болады. Үшінші сайыста теміржол туралы әндер соңынан басына қарай ойнатылады, сайыскерлер соны дұрыс табуы қажет.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті