Оқушылар Жаңаесіл локомотив пайдалану депосына экскурсия жасады

26.04.2022, 11:29
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Жаңаесіл локомотив пайдалану депосына жергілікті орта мектептің жоғары сынып оқушылары экскурсия жасады.

Мақсат – оқушыларды кәсіптік бағдарлау, темір жол мамандықтарымен таныстыру, сондай-ақ темір жолдағы жүріс-тұрыс нормаларын түсіндіру және жол бойында балалар жарақатына жол бермеуді көздейді.

Өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы Карина Мұхтарова оқушыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіп (ескертпелік белгісі бар кеудеше мен каска) және міндетті түрде нұсқамадан өткен соң барып депоға алып кіріп, өндіріспен таныстырды.

– Балалар темір жолдағы ең маңызды мамандықтардың бірі – машинист жұмысымен жіті танысты. Олар локомотив бригадаларының рейс алдындағы дайындығын, локомотивке техникалық қызмет көрсету процесінің жүріп жатқанын көріп, техникалық сабақтар өткізілетін класқа барды. Электровозға көтеріліп, машинист кабинасын көруге ықылас танытқандарға мүмкіндік беріліп, олар басқару пультін көзбен көріп, қолмен ұстады. Сонымен қатар, пойыздар қозғалысы аймағында жауапсыздық салдары жазатайым жайттарға әкелетінін нақты мысалдармен түсіндірдік, – дейді Карина Мұхтарова.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға

Басқа да жаңалықтар