«Батыс» филиалы өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи әдістерін қолданып келеді

Жаңалықтар
29.04.2022, 10:58
©Rail-news.kz
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ЖШС Батыс аймақтық филиалында  еңбекті қорғау күніне орай  марапаттау шарасы өтті.  Еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттың алдын алуда ұйымдастыру шеберлігімен көзге түскен үздік жұмысшылар, қоғамдық инспекторлар еңбегі лайықты бағасын алды.   

-«Батыс» филиалы жыл сайын жұмысшыларды ынталандырып, өндірісте  еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи әдістерін қолданып келеді.  Жыл жақсы басталды. Биылдыққа жарақат алу жағдайы тіркелмеді. Мұндай жақсы көрсеткішке әр маманның қосқан үлесі зор. Сіздерді мерекемен құттықтап, алғыс айтамын. Қазір бізде KTZ HSE ISPB модулінің артықшылықтары мен тиімді тұсын сәтті пайдалану басты назарға алынған. Қызметкерлер үшін қауіпсіз, ыңғайлы орта қалыптастырып, алаңсыз жұмыс істеу үшін жайлы орын жасақтауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүреді. Өндіріс мәдениеті мен сапалы өмір сүру, сонымен қатар өз денсаулығына және әріптестерінің өміріне жауапкершілікпен қарау бәрінен маңызды»,- деді марапаттау жиынында сөз алған Батыс аймақтық филиалының бас инженері Жасұлан Рсқалиев. 

Филиалда өндірістік жарақаттарды болдырмау, оның алдын алу, сондай-ақ «Vision Zero» тұжырымдамасы негізінде белсенді түрде жұмыс жүргізіледі.  Сондай-ақ жарақат алу жағдайының қайталануын болдырмау мақсатында 2022 жылдың мамыр айында профилактикалық іс-шаралар өткізілген.  Тосын жайттарды болдырмас үшін «Биіктіктен құлау қаупі – теміржол көліктерінің қызмет көрсететін жабдықтары» нысаналы іс-шарасы ұйымдастырылды. Міне, осындай ай сайынғы жоспарлы жұмыстар жақсы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берді. 

Жиында жұмысшы топ арасындағы үздік қоғамдық инспекторлар мен еңбек қорғауда үздік шыққан көрінген ұжымдар құрметке ие болды. «Жылдың үздік кәсіпорны», «Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны» номинациялары бойынша бағалы сыйлықтар мен сертификаттар берілді. «Ең үздік еңбек қауіпсіздігі бұрышы», «Ең үздік күзет мекемесінің жұмысы», «Ең жақсы тамақтану бөлмесі», «Ең үздік санитарлық торап» номинациясы бойынша ұжымдар марапатталды. 

Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында белсенділік танытқан жекелеген қызметкерлерге және «Әке, ана, мен сені күтемін» атты балалар суреттері байқауына қатысқандарға алғыс хат пен «Ең алдымен қауіпсіздік!», «Есіңде болсын, олар сені үйде күтеді!»  деген жазуы бар естелік сыйлықтар табыс етілді.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға