Бүкіләлемдік Еңбекті қорғау күні және Теміржолшылар кәсіподағының 30 жылдығына орай Жамбыл вагон жөндеу депосында (ВЧДЭ-27) шахмет пен дойбыдан ойын өтті. Бір ерекшелігі бұл шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің де балалары қатысты.

Мысалы шахмат ойыны бойынша бірінші орынды иеленген Димаш Талғатұлы кәсіпорын басшысының ұлй. Ал, екінші орынды вагон қараушы Андрей Швалев иеленсе, үшінші орынды Бурное станциясының вагон қараушысы Арман Сабиров иеленді.

Сондай-ақ, дойбы ойыны бойынша бірінші орынды кәсіпорын нұсқаушысы Рахман Құдайбергенов жүлделесе, екінші және үшінші орындларды орынды Қаратау станциясының вагон қараушылары –  Әлішер Қыстаев пен Бекжігіт Тұрсынбаев өзара бөлісті.

Жеңімпаздардың барлығына бағалы сйылықтар табыс етілді.