«Самұрық- Қазына» АҚ өкілдері қызылордалық теміржошлылармен жүздесті

Жаңалықтар
13.05.2022, 10:33
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» филиалына қарасты Қызылорда қосалқы бөлімінде аймақ теміржолы басшыларының «Самұрық- Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов бастаған қор өкілдерімен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Соңғы кезде ауқымды құрылымдық өзгерістерді бастан кешіп отырған қор орын алып отырған жағдайға байланысты түсінік беріп, биылға және алдағы жылдарға арналған жоспарымен бөлісуді жөн көріпті. Стратегиялық компания ретінде жұмыс жасап келген қор алдағы уақытта инвестициялық холдинг дәрежесінде жұмыс жасауға бағыт алған.

Қор есебіне кіретін компаниялардағы 250 мыңға жуық адамның жартысын ҚТЖ еңбеккерлері құрайтындықтан (146 мың) «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері алдымен теміржолшылармен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін де тыңдады. Теміржол саласына байланысты туындап отырған сауалдар міндетті түрде ескеріліп, алдағы жұмыс жоспарынан тыс қалмайтыны айтылды.

Өңірдегі салалық, өндірістік жұмыстарды жетілдіруге қатысты сауалдар аз болған жоқ. Сексеуіл-Қоскөл телімінде вахталық тәсілмен жұмыс жасайтын теміржолшылардың 2014 жылы берілген вагон-модульдерде тұрып жатқандығы, қазіргі таңда оны жаңарту жоспарда болса да, орындалуы кешіктірілуде екенін, сонымен қатар жолшылар қолданысындағы көліктерді ауыстыру мәселесін Магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Ибраким Басықараев көтерді. «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов теміржолшылардың еңбекақысын көтеруді, экологиялық төлем төленгеннің өзінде аймақ теміржолшыларының өзге аймақтағы әріптестері деңгейінде жалақы алатынын жеткізіп, оптимизацияға қатысты теміржолшылардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды. Сонымен қатар, аймақ теміржолының технологиялық талаптарға сай болуы үшін сатып алынатын керек-жарақтарға тендердің ертерек өткізілуі де сөз болды.

Жалпы жиында «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі алдағы уақытта 15 мың адамды жұмыспен қамтитын жобалар қолға алынатынын, қор жаңа реформамен жедел және жүйелі жұмыс жасау тетігіне көшкенін, ал осынау жоспарлы шаралардың негізі адам факторына аса мән беруге бағытталып отырғанын жеткізді.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда